Экология • 25 Ақпан, 2020
Қауіптілік картасы жасалды: Төтенше жағдайларға дайынбыз ба?
Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Экология, геология және табиғи ресурстар министрі М. Мырзағалиев, Индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Қ. Өскенбаев және бірқатар облыстың әкімдері алдағы су тасқыны кезеңіне дайындық туралы баяндады. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.
Қоғам • 25 Ақпан, 2020
Ауыл тұрғыны қар құрсауында қалған жүк көлігін шығаруға көмектесті
Ат құлағы көрінбейтін ақпанның ақ борандары өткен аптаның аяғында ғана толастады. Солтүстік Қазақстан облысының ПД патрульдік полициясы ТЖД, «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы және Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармаларымен бірлесе отырып, республикалық маңызы бар жолдарды 12 рет жабуға мәжбүр болды. Ақпанның 17-сі мен 23 аралығында барлығы 147 автотехника қар құрсауынан шығарылды. Оның 14-і жүк көлігі. Барлығы 300 адам эвакуацияланды, оның 4-і бала.
Аймақтар • 25 Ақпан, 2020
Түркістан: 154 шаруа қожалығы екі рет өнім алуды жоспарлап отыр
Түркістан облысының таулы аймағындағы Түлкібас ауданының шаруалары биыл жыл бойына егістіктен екі рет өнім жиып алуды көздеп отыр. Былтыр осы жаңашыл әдісті тәжірибе ретінде сынап көрген біршама шаруалар табыспен шықан болатын. Биыл қызығушылық танытқан диқаншылар қатары артқан.
Аймақтар • 25 Ақпан, 2020
Жамбыл облысы көктемгі егіс дала жұмыстарына дайын ба?
Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев өңірдің көктемгі дала жұмыстарына дайындық барысы туралы жиын өткізді. Сонымен қатар жиында ауыл тұрғындарының тұрмыстық табысын жақсартуға бағытталған пилоттық жобаның жүзеге асу жайы да қаралды.
Спорт • 25 Ақпан, 2020
Әйелдер күресінен 1993-2000 жылдар аралығындағы Азия чемпионаттарында қанша жүлде алдық?
Әйелдер күресінен Азия чемпионатының тұсауы 1996 жылы кесілді. Сол кезден бері айтулы жарыстың жалауы 23 мәрте желбіреді. Сол байрақты бәсекелерде Қазақстан құрамасы 13 алтын, 15 күміс және 40 қола медальді олжалады. Барлығы – 68 жүлде.