Футбол • 22 Ақпан, 2024
Футболдан УЕФА Чемпиондар лигасының 1/8 финалдық сайыстарының кезекті ойындары Италияның Милан және Нидерландтың Эйндховен қалаларында өтті.
Теннис • 22 Ақпан, 2024
Бұрынғы бірінші ракетканы ұтты
БАӘ-нің Дубай қаласында теннисшілердің тағы бір ірі додасы басталды. Жүлде қоры 3 211 715 долларды құраған турнирде Елена Рыбакина бақ сынап жатыр.
Бокс • 22 Ақпан, 2024
Өзбекстанда туып-өскен танымал боксшы Аман Қонысбеков атажұртқа қоныс аударып, алдағы дүбірлі додаларда өзінің тарихи отанының намысын қорғауға бел буды.
Тағзым • 22 Ақпан, 2024
Алматыдағы Мемлекеттік орталық музейде даңқты кинорежиссер Шәкен Аймановтың 110 жылдығына арналған «Қазақ киносының жарық жұлдызы» атты мәдени-танымдық кеш өтті. Ерен тұлғаның есімін жаңғыртқан іс-шарада шебердің тіршілігінде тұтынған бұйымдары көпшілік назарына ұсынылып, шағын көрме ұйымдастырылды.
Депозит • 22 Ақпан, 2024
Жеке тұлғалар депозиті 20 триллионнан асты
Елімізде өткен жылы жеке тұлғалардың депозиті рекордтық көрсеткіште 20,4 трлн теңгені құрады. Бұл бір жыл бұрынғыға қарағанда, бірден 20,6%-ға өскендігін көрсетеді. Салымшылардың депозиттері бойынша алғашқы он банкте айтарлықтай өсімділік жоғарылап, көшбасында «Bereke Bank» тұр. Мұнда жеке тұлғалардың депозиттік портфелі бірден 2,1 есе ұлғайып, 430 млрд теңгені құраған.