Аймақтар • 25 Ақпан, 2020
Тараз: Білім ошағындағы заңсыздықтар
Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев білім саласының өкілдерімен кездесуінде кейбір мектеп директорлары өздерін князь секілді сезінетіндерін айтқан еді. «Оқу орындарының кейбір басшылары өздерін ұйымдастырушы емес, меншік иесі секілді сезінеді. Мектеп – мемлекеттікі, ал директор – ауысып отыратын басқарушы тұлғалар болуы тиіс. Жұмысқа орналастырғаны үшін директор мұғалімнен ақы алса, одан сапалы жұмысты қалай талап етеді? Ол мұғалім өз шығындарын ата-аналар арқылы қайтара бастайды, сыбайлас жемқорлық тізбегі осылай жалғаса береді», деген болатын. Жиында білім саласындағы бұдан өзге де мәселелер көтеріліп, талқыланды. Сондай-ақ әкім білім беру, тәртіп және тәрбие жұмыстарын күшейтуді де тапсырды.
Спорт • 25 Ақпан, 2020
Футбол: Суперкубок кімге бұйырады?
Футболдан Қазақстан Суперкубогының иегері «Астана» мен «Қайсар» арасындағы матчта анықталады. Бұл бәсеке 29 ақпанда Қостанайдағы «Тобыл Аренада» өтеді.
Видео • 25 Ақпан, 2020
Шымкент циркінде «Шалқар» радиосы қосулы
«Шымкент-Цирк» ғимаратының алдында «Шалқар» радиосы қосулы тұр. Бұл туралы Ерсұлтан Әмірбек есімді қолданушы Facebook парақшасында жариялады.
Абай • 25 Ақпан, 2020
Абайдың домбырасы қандай болған?
Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейіндегі құнды жәдігерлердің қатарын Абайдың домбырасы толықтырып тұр. Осы орайда қордағы ерекше жәдігер туралы сұрағымызға музейдің ғылыми қызметкері Абзал Сүлейменов жауап берді.
Спорт • 25 Ақпан, 2020
Дзюдошылардың әлемдік рейтингі жаңартылды
Германияның Дюссельдорф қаласында аяқталған Grand Slam турнирінен кейін дзюдошылардың әлемдік рейтингі қайта жаңартылды.