Театр • 21 Ақпан, 2024
Әдебиет әлемі төбесіне көтерген сұңғыла суреткер Шыңғыс Айтматовты «Адамзаттың Айтматовы» атап қадірлеген қазақтан артық ұлт жоқ-ау, сірә... Жазушының көзі тірісінде-ақ қаламынан туған әр шығармасына өнер тіліндегі мәңгілік ғұмыр сыйлап, бағын ашқан режиссер Әзірбайжан Мәмбетовтен басталған театр әлеміндегі тамаша мектеп дәстүрі үзілген жоқ. Соның айғағы болса керек, еліміздің түкпір-түкпіріндегі театрлар Айтматов мұрасына оқтын-оқтын оралып келеді. Режиссер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Нұрқанат Жақыпбайдың күні кеше елорда төрінде тұсауы кесілген «Жан пидасын» көргенде, осыған тағы бір мәрте көз жеткізе түскендей болдық. Ақсарбас десек, артық емес, жарыққа шыға салысымен Бішкек төрінде Шыңғыс Айтматовтың 95 жылдығына орай ұйымдастырылған VI Халықаралық «Айтматов және театр» фестивалінде тұсауы кесіліп, жарқырай көрінген астаналық Жастар театрының «Жан пидасы» аламанның алдын бермеді. Театр мамандарының бірауыздан қолдауына ие болған қойылым автордың туған жерінен Гран-при жүлдесін қанжығалап қайтты. Олжамен оралған спектакльдің еліміздегі премьерасы да аншлагпен өтті.
Технология • 21 Ақпан, 2024
«Astana Hub» халықаралық технопаркі Seed Money 4.1 стартаптарды қаржыландыру бағдарламасын іске қосты. Қатысуға өтініш 5 наурызға дейін қабылданады.
Саясат • 21 Ақпан, 2024
Сенаттың Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік жөніндегі комитетінің депутаттары бизнесті жүргізу мәселелері жөніндегі заңды кеңейтілген отырыста талқылады.
Қоғам • 21 Ақпан, 2024
Алғаш әріп үйреніп, сөз таныған кез әр адамның жадында шығар. «Үйреттің бізге, әліппе» деп басталатын шумақтар да санамыздан өшпейді. Ал цифрлық технология дамыған заманның балалары жасанды интеллектіге сөз үйретіп жүр. Ғалымдар кішкентай баланың қалай тіл үйренетіні туралы жаңалық ашты.
Президент • 21 Ақпан, 2024
Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинмен кездесті
Мемлекет басшысы Қазан қаласында алғаш рет өтетін «Болашақтың ойындары» халықаралық турнирінің ашылу рәсіміне шақырғаны үшін Ресей Президентіне алғыс айтып, бұл бірегей сипаттағы шара екенін жеткізді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.