Қазақстан • 22 Ақпан, 2019
Қостанай облысында кәсіпкер көп балалы отбасына баспана сыйлады
Таран ауданының Тобыл стансасында көп балалы Смирновтар отбасына «Нұротандықтардың» «Бақытты отбасы» жобасының шеңберінде кәсіпкер, «БК-Стройпром» ЖШС директоры Сергей Ким үй сатып әперді. 5 бала тәрбиелеп отырған Елена мен Андрей осыған дейін тозығы жеткен, жылу ұстамайтын, электр жарығы да жоқ лашық секілді үйде тұратын. Олар күндердің-күні жаңа үйге көшеміз деп күтпеген еді. Қуаныштарында шек жоқ.
Аймақтар • 22 Ақпан, 2019
Қозғалысты реттеймін деп айыппұл төледі
Әртүрлі жағдайларға байланысты кейде көшеде бағдаршамдар жұмыс істемей қалады. Мұндайда екі жақтан келген көлік иелері бірінші болып өтуге тырысып машиналарын жол ортасына сұғындырып жібереді. Оның арты – құлақ тескен айқай, қызылкеңірдек дау.
Көкшетауда «EL jastar» театры ашылды
Облыс орталығында Жастар жылына орай ұйымдастырылған жаңа театрдың тұңғыш қойылымы болып өтті. Тырнақалды туынды ретінде «Армандар кемесі» атты шығарма сахналанды.
Аймақтар • 22 Ақпан, 2019
БҚО құтқарушылары 5 айлық сәбиді құтқарды
2019 жылдың қысы Батыс Қазақстан облысының тұрғындары үшін өте қарлы болды. «Қазгидромет» РМК мәлімдегендей облыстың кейбір аудандарында биылғы жылы қардың биіктігі орташа көпжылдық мәннен 1,5 еседен 3 есеге дейін жоғары. 2019 жылдың басынан бастап облыста 12 дауылды (қатты желді) алдын ала ескерту жарияланды, Батыс Қазақстан облысының аумағында жиі болатын бұрқасындар мен борандарға байланысты қардың көптеп жаууы салдарынан 72 рет жол жабылды. Батыс Қазақстан облысы ТЖД мемлекеттік тіл және ақпарат тобы баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан • 22 Ақпан, 2019
Асыл тұқымды 5 мың сиыр әкеледі
Таяуда «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ басқарма төрағасы Нармұхан Сарыбаевтың Мәскеу қаласына жұмыс сапары барысында Брянск ет компаниясымен (БЕК) қазақстандық ауылшаруашылық тауар өндірушілеріне 5 мың бас абердин-ангус асыл тұқымды малдарын жеткізу туралы келісімшартқа қол қойылды.