Аймақтар • 22 Ақпан, 2019

Қозғалысты реттеймін деп айыппұл төледі

505 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әртүрлі жағдайларға байланысты кейде көшеде бағдаршамдар жұмыс істемей қалады. Мұндайда екі жақтан келген көлік иелері бірінші болып өтуге тырысып машиналарын жол ортасына сұғындырып жібереді. Оның арты – құлақ тескен айқай, қызылкеңірдек дау.

Қозғалысты реттеймін деп айыппұл төледі

Міне, осындай жағдай Қы­зыл­орда қаласындағы Жібек жо­лы мен Сұлтан Бейбарыс кө­ше­лерінің қиылысында бол­ған. Осы кезде бір азамат полиция қыз­меткерлері жеткенше жол орта­сына шығып көше қиы­лысындағы ретсіздікті өзінше рет­­теген. Былай қарағанда, ниеті жақ­сы болғанымен заң жүзінде азаматтың жасаған әрекеті дұрыс болмай шықты.

Бұл жөнінде түсінік берген Қы­зыл­орда облыстық полиция де­партаментінің баспасөз қыз­­­меті: «Көше қиылысына жаяу жүр­гіншіге шығуға тыйы­м са­­лы­нады. Өйткені ол өзі­нің қа­­уіп­сіз­дігімен қатар кө­лік құ­­­рал­дары­ның көше қиы­лы­­сы­­нан өтуі­не қауіп туғы­зады. Атал­мыш оқи­ға бойын­ша бағ­даршамның жұмыс істемей қалғаны туралы хабарлама тір­келген уа­қытта патрульдік по­­ли­ция бе­кетіне жіберілді. Уақ­­­тылы атал­ған көше қиылы­сына реттеуші қойылды. Бағдар­шамның жұ­мыс істемеуі және көше бойын­ша кептеліс болған кезде тиісті орындарға хабарласуы тиіс», деді.

Ел іші болған соң елгезек адамдар көп. Полиция келгенше жол қозғалысын реттемек болған әлгі азаматқа әкімшілік хаттама толтырылған. Машиналар жұл­дыздай ағып өтіп жатқан қиы­лыста отпен ойнауға болмайды. Жол реттегіш азамат өз қателігін кеш түсінген сыңайлы. 

Бақтияр ТАЙЖАН,

«Egemen Qazaqstan»

Қызылорда облысы