Құқық • 21 Ақпан, 2024
Зорлық-зомбылыққа тосқауыл қоя алатын заң қабылдауымыз маңызды - Динара Зәкиева
Балалар омбудсмені әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы жаңа заң жобасы қабылданғаннан кейін не өзгеретінін түсіндірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 21 Ақпан, 2024
Жыл сайын тұрмыстық зорлық-зомбылықтан 100-ден астам адам көз жұмады - депутат
Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша заң жобасы мен Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске енгізілетін ілеспе түзетулерді қарады. Депутат Елнұр Бейсенбаев бұдан былай тұрмыстық зорлық-зомбылық жасау фактісі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тарту емес, қылмыстық кодекс бойынша жаза қолданылатынын ескертті, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 21 Ақпан, 2024
Медальді көп әкелетін спорт түрлерін дамыту керек – министр
Балалар мен жасөспірімдер спорт мектептері желісінің ең төмен мемлекеттік нормативтері бекітілген. Нормативтерге сәйкес республикалық маңызы бар қалаларда 55-165 мың адамға арналған 1 балалар-жасөспірімдер спорт мектебі, облыстарда 20-50 мың адамға 1 БЖСМ, облыстың әрбір ауданында кемінде 1 БЖСМ болуы тиіс, деп хабарлайды Egemen.kz аталған ведомствоға сілтеме жасап.
Заң • 21 Ақпан, 2024
Әйеліне қол көтеретін еркектерге жаза қатаңдатылды - депутат
Бүгін Мәжілістің жалпы отырсында әйелдер құқығы мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған заң жобасына енгізілген нормалар түсіндірілді. Құжатта әйел адамдарды тұрмыстық зорлық-зомбылықтан арашалау, кәмелет жасына толмаған балаларды өлтіру, зорлық көрсету ісіне байланысты жауапкершілікті күшейтетін нормалар қабылданды, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 21 Ақпан, 2024
Наурыз айында өтетін ҰБТ-ға өтініш қабылдау басталады
Наурыз айында өтетін ҰБТ-ға қатысу үшін өтініш қабылдау 27 ақпанда басталып, 10 наурызға дейін жалғасады. ҰБТ-ға тіркелу Ұлттық тестілеу орталығының app.testcenter.kz сайтында немесе UTO қосымшасы арқылы жүргізіледі. Тестілеудің өзі 1-31 наурыз аралығында өтеді. Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығы хабарлады, деп жазады Egemen.kz.