Қоғам • 25 Ақпан, 2020
Қоғамды бейжай қалдырмаған бұл қанды оқиға өткен жылдың қаңтар айында болған еді. Арада жылжып жыл, аунап ай өткенде осы қылмыс бойынша қаралған іске де соңғы нүкте қойылғандай... «Киіктің қаны қанжығасында көп қатқан адам оңбайды», деген сөз қалған еді бұрынғылардан. Ал айдың-күннің аманында кісі қанын мойнына жүктегендердің екі дүниеде тартар жазалары қандай болмақ?..
Әлем • 25 Ақпан, 2020
Коронавирус – індет ауқымы ұлғайып барады
Ауа арқылы жұға беретін коронавирустың таралу аумағы күннен-күнге кеңейіп келеді. Жер бетіндегі мемлекеттердің барлығы дерлік Қытай елімен қарым-қатынасты үзіп, шекараларын тарс бекітіп, барлық қамды жасап жатса да бұл індет кейбір елдерді кәдімгідей жайлап, аурудың екінші ошағына айналдырып бара жатқандай...
Руханият • 25 Ақпан, 2020
Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Ұлы даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақаласын «Кеңістік – барлық нәрсенің, ал уақыт – бүкіл оқиғаның өлшемі. Уақыт пен кеңістіктің көкжиегі тоғысқан кезде ұлт тарихы басталады» деп салқар уақыттың сақара халқы үшін алатын орнын айқындаудан бастауы тегін емес.
Тарих • 25 Ақпан, 2020
Конструктор Дегтярев пен пулеметші Жүнісов
Тілші тірлігі қызық. Қиын. Сонымен бірге керемет. Бұлай дейтініміз, алдымен елден бір нәрсені естисің. Сонда: «Жақсы жаңалық екен. Мұны жұртқа тез жеткізу керек», – дейсің жүрегің лүпілдеп. Бірақ іле-шала басқа, одан да ғажап тақырып табылады да соның жетегінде кетесің. Сөйтіп әу бастағы қолға аламын деген ісің уақытша тоқтайды. Бірте-бірте көмескі тартып, ұмытылады. Тек жылдар өткен соң барып, алдыңнан сол мәселеге қатысты нақты дерек шыға келгенде, бәрі де санаңа қайта сап ете түседі. Сонда ғана барып: «Мұны неге ұмытқанмын?» – дейсің өкініп. Сөйтесің де сол тақырыпқа керекті жайттарды жанұшыра іздейсің.
Спорт • 25 Ақпан, 2020
Әлем кубогындағы алғашқы алтын
Бұл күндері Грузияның бас шаһары – Тбилисиде пара дзюдодан Әлем кубогы сарапқа салынып жатыр. Айтулы додада әлемнің 13 елінен келген әр салмақта үздік ондыққа кіретін ең мықты деген спортшылар белдесуде.