Үкімет • 29 Ақпан, 2024
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалығымен Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның кезекті отырысы өтті.
Қоғам • 29 Ақпан, 2024
Елордадағы Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық-драма театрында қазақ вальсінің королі Шәмші Қалдаяқовты еске алуға арналған «Шәмші» спектакль-элегиясы сахналанды. Қойылымды тамашалауға Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев бастаған бір топ сенатор арнайы барды.
Халық • 29 Ақпан, 2024
Өңір спортының қалыптасу, даму бастауында жүріп, Қостанайда алғашқы спорт нысандарының салынуына ұйтқы болған ардагер спортшы, ұлағатты ұстаз Дмитрий Поляковтың қазақ халқының даладай кең пейіліне, ұлттық спортына деген сүйіспеншілігі ерекше. Биыл тоқсанның бесеуіне аяқ басқан Дмитрий Степанович – тоғызқұмалақтан Қазақстанның тұңғыш спорт шебері, республиканың тоғыз дүркін чемпионы, көптеген спорт шебері мен Қазақстан чемпиондарын тәрбиелеп шығарған жоғары санаттағы жаттықтырушы.
Спорт • 29 Ақпан, 2024
Әлемнің шаңғышы журналистері Алматыға жиналады
Наурыз айының 3-9 аралығында Алматы қаласында журналист-шаңғышылардың халықаралық клубы (The Ski Club of International Journalists) 69-отырысын өткізеді. Қазақстанда алғаш рет ұйымдастырылатын айтулы шараға 25 мемлекеттен 150-ге тарта шаңғышы-журналист қатысады, деп жазады Egemen.kz.
Сұхбат • 29 Ақпан, 2024
Әуелбек Зәуірбек: Су саласының шаруасы шашетектен
Қоғамның әл-ауқатына әсер ететін бастапқы ортаның сарқылуы мен ластануына байланысты гидрологиялық қатер қоюланып барады. Халық пен экономиканың өсу үдерісін ескергенде, 2040 жылға қарай Қазақстанда су тапшылығы 12-15 млрд текше метрге жетуі мүмкін. Қазіргі уақытта трансшекаралық өзендердің су қорын пайдалануда да өткір проблемаларға тап болдық. Сондықтан Мемлекет басшысы су тапшылығы тақырыбын халықаралық мінберлерде, жұртшылыққа үндеуінде үнемі көтеріп келеді. Күрмеуі қиын сала төңірегінде Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің Су ресурстары және мелиорация кафедрасының профессоры, техника ғылымдарының докторы Әуелбек Зәуірбек ой тарқатты.