Қоғам • 18 Наурыз, 2017
Гүл-көктеммен бірге келген Ұлыстың ұлы күнінде ат шаптырып, той тойлап қана қоймай, есті ұрпаққа өнеге болатын игі шараларды өткізу де дәстүрге айналып келеді. Солардың бірі – ағаш отырғызу.
Саясат • 18 Наурыз, 2017
Конституциялық реформа – Қазақстанның одан әрі қарышты дамуының негізі
Үстіміздегі жылғы 10 наурызда Республика Президенті Парламент 2017 жылғы 6 наурызда қабылдаған «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Еліміздің егемен дамуының 25 жылдық тәжірибесіне, жаппай танылған конституционализм қағидаттарына, халықтың пікірін және ұлттық ерекшеліктерді кеңінен ескеруге негізделген конституциялық реформа мемлекеттің саяси-құқықтық дамуындағы жаңа парақты ашты.
Аймақтар • 18 Наурыз, 2017
Бүгінгі мәтелі «үйлену оңай, үйлі болу қиын» болып жүрген қазақ біреу үй алыпты десе қуанып қалады. Естігенді елең еткізбей қоймайтын мұндай сүйіншіні М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясының қызметкерлері сұрады. Жаңадан салынған шағын отбасылық жатақхананың кілті 26 жас отбасына табыс етілді.
Саясат • 18 Наурыз, 2017
Қазақстан-Өзбекстан: Екі ел қатынастарындағы жаңа кезең
Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі күндерінде елімізге көршілес Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев ресми сапармен келеді деп күтілуде. Осы сапардың уақыты мен таңдалған бағыты Ташкенттің жаңа сыртқы саяси бағытын көрсетіп, Орталық Азияның ынтымағы тұрғысынан айрықша аса маңызды қадам болмақ.
Қоғам • 18 Наурыз, 2017
Жақында жолым түсіп ауылда болдым.Қаңтардың бет қарытар шымыр аязы мен ақпанның алай-түлей ақ бораны басылып,кең даламызға наурыз де келіп есік қақты.