Наурызнама • 18 Наурыз, 2025
Қанға сіңген тәрбиеде қасиет бар
Бүгінде бізге дәстүрлі отбасылардың азаюы себебінен пайда болатын ауыр салдарларды зерттеу, зерделеп-талдау өте маңызды. Зерттеу нысандары ретінде Еуропаның бірқатар мемлекетін, сондай-ақ, өз еліміздегі аталған мәселе тұрғысындағы ахуалды қарастыруға әбден болады. Осы бағыттағы талдау жұмыстарын жүргізіп, Ұлттық баяндама жасалуына мемлекет баса назар аударса, біз бүгініміз бен болашағымызға қатысты аса маңызды қажеттіліктердің нақ өзін анық көрген болар едік. Бұл өз кезегінде алдағы ұлттық мақсат-міндеттерімізді белгілеуде үлкен көмегін тигізері сөзсіз...
Тарих • 18 Наурыз, 2025
Қазақ мектептерінің тағдыр-талайы
Тың игеру науқаны басталғанға дейін Ресей қазақтары балаларын ұлттық мектепте өз ана тілінде оқытқанын біреу білсе, біреу білмес. Мысалы, 2005 жылы Орынбор қаласында жарық көрген «Орынбор қазақтары: тарих және қазіргі заман» деп аталатын жинақта қазақ мектептерінің тағдыр-талайы туралы аз-мұз дерек кездеседі.
Таным • 18 Наурыз, 2025
Ет желініп болып, бата қайырылды. Іле Пірмахан жәкем Құран аяттарының бірін үйреншікті мақамына салып, тебірене оқыды. Молда көкемнің көктемнің жылы лебіндей жұмсақ та құлаққа жағымды үні тым-тырыс бола қалған үй ішін кедергісіз кезді, көңілдерді нұрландырды. Арабшаны ұқпайтын, мағынасы түсініксіз болса да Құран сөзі дегенде у-шу, әрің-күрің әңгімесін саппа тыйып, қимыл-қозғалысы сілтідей тұнатын жұрт жәкем «әумин» дегенде барып еркін тыныстап, қолдарын жайды. Дұға тілек айтылып, бата берілді.
Төтенше жағдай • 18 Наурыз, 2025
Өткен жылы Тобыл өңіріндегі Қарасу, Қостанай аудандарында жарияланған төтенше жағдай режімі күшін әлі жойған жоқ. Облыстық ТЖД мәліметінше, биыл көктемде тағы 57 елді мекенге тасқын судан қауіп бар.
Спорт • 18 Наурыз, 2025
Ел мерейі: үш алтын, екі күміс, бір қола
Сербияның Ниш қаласында бокстан әйелдер арасында әлем чемпионаты мәресіне жетті. Сайдың тасындай іріктелген ұлттық құрама боксшылары 3 алтын, 2 күміс, 1 қола медальмен тарихи нәтиже тіркеп, жалпы есепте 2-сатыға орнықты.