Аймақтар • 27 Наурыз, 2020
Әулиеаталық әскерилер қоғамдық орындарды дезинфекциялауда
Коронавирус індетінің алдын алу және тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының әскери қызметшілері қолбасшылықтың жауапкершілік аймағына кіретін Тараз қаласындағы қоғамдық орындарды дезинфекциялауға кірісті. Тараз гарнизонының 250-ден астам әскери қызметшісі күн сайын санитарлық жұмыстарын жүргізуде. Бұған дейін әскери қызметшілер санитарлық өңдеуден өтуге тиісті нысандардың тізімін әзірлеген болатын. Олардың қатарында «Mart» және «Small» сауда орталықтары, «Ауыл Береке», «Қайқармет» базарлары, теміржол бекеті, әуежай, автобекет және қаланың басқа да адам көп жиналатын орындары бар.
Коронавирус • 27 Наурыз, 2020
«Қарағандыда карантин жариялауға негіз жоқ»
Қарағандыда коронавирус жұқтырғандары расталған екі әйелдің Минск - Нұр-Сұлтан рейсімен 18 наурыз күні Франциядан ұшып келген ұшақтың жолаушылары екендігі белгілі болды. Екеуі бір-біріне жақын туыс болып келетін олар «Сарыарқа» әуежайына қонған бетте ұшақта болған басқа жолаушылармен бірге карантинге жатқызылған екен. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ержан Нұрлыбаев хабарлады.
Коронавирус • 27 Наурыз, 2020
Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 113-ке жетті
Жамбыл облысында вирус жұқтырған тағы 1 адам тіркелді. Бұл туралы ДСМ баспасөз қызметі хабарлады.
Қоғам • 26 Наурыз, 2020
Алматыға ақшамен кіріп-шығуға болатыны туралы ақпараттар расталған жоқ
Бүгін Алматы полициясы қаланың шекарасынан ақылы түрде өту мүмкіндігі туралы әлеуметтік желілерде тараған хабарлардың ешқайсысы расталмағанын мәлімдеді.
Білім • 26 Наурыз, 2020
«Платонус» онлайн оқыту қызметін 1 шілдеге дейін тегін ұсынбақ
Отандық «Платонус» компаниясы елдегі барлық колледжге онлайн оқыту автоматтандырылған жүйесін ақысыз қосуға дайын.