Қазақстан • 26 Наурыз, 2020
Әкімшілік айыппұлдар уақытша тоқтатылды
Қорғаныс министрлігі Төтенше жағдай кезінде мемлекеттік қызмет бойынша әкімшілік айыппұлдардың тоқтатылғанын хабарлауда.
Аймақтар • 26 Наурыз, 2020
Аз қамтылған 3669 адам азық-түлік және тұрмыстық жиынтық алады
Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов аты жаман вирусқа қарсы күрес кезіндегі облыстың жағдайы туралы айтып, жергілікті телеарнадан брифинг берді. Алдымен ол бойынан короновирус табылған әйелдің оқиғасы және оған байланысты істелген шаралар туралы айтты. Оны біз «Егеменнің» оқырмандарына бұрын жеткізгенбіз.
Үкімет • 26 Наурыз, 2020
Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында шектеу шаралары күшейтілді
Президент жанындағы ТЖ режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында шектеу шараларын күшейтті. Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен Президент жанындағы Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның селекторлық отырысы өтті. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады.
Қаржы • 26 Наурыз, 2020
Алматы облысы: Республикалық бюджеттен 109,2 миллиард теңге бөлінді
Елімізде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес «Жұмыспен қамтудың жол картасы» жасалды. Оны жүзеге асыру шаралары аясында Алматы облысына республикалық бюджеттен 109,2 миллиард теңге бөлінді.
Коронавирус • 26 Наурыз, 2020
Әлемдегі ахуалға шолу: Мәскеуде қоғамдық орындар жабылады
Бұл топтамада әлемнің 175 елінде тараған Covid-19 вирусына қатысты соңғы жаңалықтарды жариялап отырамыз. 26 наурызда Johns Hopkins University (JHU) ұсынған мәлімет бойынша вирус жұқтырғандар саны - 487 648, өлім саны - 22 030, айыққандар саны - 117 749 адам болды (жаңартылған уақыты 18:04).