Қаржы • 26 Наурыз, 2020

Алматы облысы: Республикалық бюджеттен 109,2 миллиард теңге бөлінді

274 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елімізде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес «Жұмыспен қамтудың жол картасы» жасалды. Оны жүзеге асыру шаралары аясында Алматы облысына республикалық бюджеттен 109,2 миллиард теңге бөлінді.

Алматы облысы: Республикалық бюджеттен 109,2 миллиард теңге бөлінді

Қомақты қаржыға аймақ бойынша 1240 жобаны жүзеге асыру жоспарланып, 27,3 мың жұмыс орнын құруға қадам жасалмақ. Бұл туралы Талдықорғанда өткен селекторлық жиында облыс әкімі Амандық Баталов мәлімдеді. Жиында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың  төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комиссияның 23 наурыздағы отырысында берген тапсырмаларын орындау жайы пысықталды. Президент тапсрымасы бойынша «Жұмыспен қамтудың жол картасы» жасалып, оны аймақтарда жүзеге асырудың жолдары анықталды. Қазір республикалық бюджеттен 1 триллион теңге қарастырылды. Соның ішінде Алматы облысына  да 109,2 миллиард теңге бөлінініп отыр.

- Бұл біздің аймақ үшін аса маңызды әрі қажет қаражат. Осыған байланысты бұл қаражатты қайда бағыттау керектігін нақты шешуіміз керек. Біз ең алдымен халықты жұмыспен қамту мәселесіне назар аударамыз. Себебі облыстың көптеген тұрғындары коронавирусқа байланысты жұмыссыз қалды. Олардың отбасына жағдай жасап, жаңа жұмыс орындарын ашуымыз керек. Бірінші кезекте қаржыны есеп беру жиындарында, азаматтарды жеке қабылдауларда облыстың аудан, қалаларының тұрғындары тарапынан көтерілген мәселелерге бөлетін боламыз. Тұрғындардың барлық өтініштеріне талдау жасап, бөлінген қаржыны маңызды әрі қажетті жобаларды жүзеге асыруға бағыттауға тиіспіз. Соның ішінде жолдарды жөндеу, нысандарды қалпына келтіру және де басқа мәселелер бар, - деді жиында облыс әкімі Амандық Баталов.

 

Алматы облысы