Қазақстан • 26 Наурыз, 2020
Елімізде күн сайын 860 608 медициналық бетперде шығарылады
Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Коронавирус • 26 Наурыз, 2020
Ұшақтар мен поезд кестелері шектелді
Қазіргі кезде Ақтөбе аймағында 2000-нан астам құқық қорғау қызметкерлері күшейтілген режимде жұмыс істеуде. Оған облыс орталығындағы әскери бөлімшелердің жеке құрамдары да тартылған. Сондай-ақ сырттан келген адамдарды бақылау мен тауарларды реттеу үшін 40 бекет жасақталған. Оның дені қала және облыс аумағында орналасқан магистралдық бекеттер. Бұған 437 адам жұмылдырылып, тәулік бойы жұмыс істеп келеді.
Аймақтар • 26 Наурыз, 2020
Түркістан: Жалған ақпарат тарату бабы бойынша 7 қылмыстық іс қозғалған
Түркістан облысына Нұр-Сұлтан, Алматы және басқа да, қалалардан келген азаматтарды, көліктерді тексеріп өткізу мақсатында қойылған Түлкібас ауданындағы «Шақпақ» және Кентау қаласы аумағындағы «Сауран» блок - посттары азаматтарды есепке алу жұмыстарын жүргізуде. Мысалы, бүгін яғни, бейсенбіде бұл бекеттерден 13296 автокөлік пен 35976 азамат тексеріліп өткізілген.
Аймақтар • 26 Наурыз, 2020
18 жастағы жоғалған қыз табылды
24 наурыз күні үйінен шығып, қайта оралмаған 18 жасар қыз екі күн бойы іздестілуде еді. Полицияға арыз жазған анасының сөзіне қарағанда қыз қаланы дұрыс білмейтін көрінеді. Бұлардың отбасы Тараз қаласынан былтыр ғана көшіп келген болып шықты.
Тағайындау • 26 Наурыз, 2020
Қызылорда: Облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасының басшысы тағайындалды
Қызылорда облысы әкімінің өкімімен Қайратбек Сәрсенбаев облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасының басшысы болып тағайындалды.