Құрылыс • 21 Наурыз, 2023
Амал мерекесінде Қызылордада жаңа әуежайдың іргетасы қаланды. Жалпы аумағы 7,5 мың шаршы метрден асатын ғимарат құны – 31 млн долларды құрайды.
Аймақтар • 21 Наурыз, 2023
Амал мерекесіне орай «Самұрық-Қазына» АҚ маңғыстаулық балаларға 21 ойын алаңын сыйға тартты.
Мереке • 21 Наурыз, 2023
Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі Шымкент қаласында ерекше леппен басталды. Әз Наурыздың айрықша өрнегімен тойлануының басты себебі, мегаполисте бірнеше жыл қатарынан құрылысы жүргізілген, қала тұрмақ республика көлемінде ең ауқымды жобалардың бірі саналған жаңа ипподром күні кеше ашылды. Осынау қуанышты сәттің Ұлық мерекемен тұспа-тұс келуіне байланысты атшабарда «Наурыз Шымкенттен басталады» атты мерекелік концерт ұйымдастырылды. Ипподромның ашылуын және думанды іс-шараны тамашалауға шаһардың жасы мен кәрісі түгел жиналды.
Спорт • 21 Наурыз, 2023
Грекияның бас шаһары – Афинада ұйымдастырылған көркем гимнастикадан кезекті Әлем кубогінде отандасымыз Елжана Тәниева үздіктер қатарынан көрінді.
Теннис • 21 Наурыз, 2023
Қазақстанның бірінші, кешегі күннен бастап әлемнің жетінші ракеткасы атанған Елена Рыбакина АҚШ-тағы тағы бір ірі жарыс – Майами WTA 1000 турнирінде өнер көрсетеді.