Руханият • 20 Наурыз, 2021
Ұлы сахараны мыңдаған жылдар бойы мекен еткен көшпелі түркі тайпаларының ішіндегі қазақ ұлысы ұлт ретінде болмыс-бітімі, таным-түйсігі, салт-дәстүрі, тілі, ділі ерекше жаратылған жұрт. Өмір ырғағын қоршаған орта, Табиғат-Анамен айрықша сабақтастыра білген дала халқы осы күнге дейін өз дүниетанымын бұзбай келгенінде айрықша мән бар. Бір ғана емес, бірнеше озық мәдениет пен бай өркениетті өне бойына өнегемен біріктіре білген Алаш баласы әлем халықтары алдында көп ерекшелігімен дара.
Қоғам • 20 Наурыз, 2021
Әз-Наурыз, әуен наурыз, әзіз наурыз, қосақта бақытына жанды жалғыз. Көркейтіп дүниенің кеңістігін, толсыншы төрт түлікке өріс бүгін. Дәстүрлі Алашымның дәріптеліп, байырғы бабамызға еліктелік. Солардай бой түзейік тауға қарап, арманын алыптардың арға балап. Солардай ұстанайық салтты мығым, қайталап дәуірлердің даңқты жырын. Солардай ізгілікке шөл қандырып, әлемді ғұмыр бойы таңғалдырып. Күзетіп жайсаң жұртың тыныштығын, шашайық жырдан жақұт, ырыс гүлін. Қош келдің, қоңыр жүзді Ұлыс күні, мендегі мейірімнің нұр ұшқыны. Сенбісің, тарихымның тәбәрігі, жанға егіз жақсылықтың жаңа жыры.
Президент • 20 Наурыз, 2021
Президент қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Руханият • 20 Наурыз, 2021
Биыл 2 сәуірде Қазақстанның Тұңғыш Президентінің «Ұлты қазақ азаматтардың тегі мен әкесінің атын жазуға байланысты мәселелерді шешу тәртібі туралы» №2923 Жарлығының шыққанына 25 жыл толады. Сол жылдары өмірге келіп, биыл 25-ке толатын көп азаматтың тегі құжаттарында «ов», «ев»-сіз қазақша жазылған. Алайда ел егемендігін алғаннан бастап стихиялы түрде жүрген ататекті өзгерту науқаны соңғы 10-15 жыл аясында саябырсып қалды. Себебі? Себебі сан алуан. Тегіне қосарланған жат жұрнақтан құтылсам дегендерді тоқтатып тастайтын кедергінің ең бастысы – бітпейтін бюрократия мәселесі.
Қоғам • 20 Наурыз, 2021
Дәмі бөлек, сәні ерек дастарқан
Заман мен талғамның талабына сай ас әзірлеу мәдениеті мен оны дастарқанға қою, қонаққа ұсыну тәсілдері де өзгерді. Асты әспеттеп ұсынудың өзі үлкен өнерге айналды. Қазір сыйлы меймандарды күту тек ет асып, қамыр илеумен шектелмейді. Тағамды талғаммен дайындаумен бірге, дастарқаның да жайнап, ыдыс-аяғың да соған сай түрленіп тұруы керек. Бүгінде отандық аспаздарымыз қазақтың ұлттық тағамын да мың құбылтып, көздін жауын алатындай безендіріп жүр.