Әдебиет • 18 Наурыз, 2024
Әдебиетте өзін «үлкен адамға» баламайтын, мақтау-мадақ, жағымпаздық сынды «шығармашылық» ғадеттерден ада жазушыларды кездестіру өте қиын. Қазақ прозасына «Аспанқора», «Шал мен жылқы», «Құралайдың салқыны» сияқты классикалық шығармаларды сыйлаған жазушы Жұмабай Шаштайұлы – сол саптағы аздаған қаламгердің бірі. Жалпы, Жұмабай Шаштайұлының есімі өзінен бұрын танылып, әдебиет босағасын аттар-аттамастан биліктің қырына іліккенін көпшілік біледі. Қияндағы малшы өмірінің шындығын көтерген «Қызыл қар» повесі Орталық комитеттің қатаң сынына ұшырады. Есімі елді дүрліктірген бейтаныс жас қаламгердің атышулы сол шығармасын жұрттың бәрі жапа-тармағай оқи жөнелген де сол тұс еді.
Күрес • 18 Наурыз, 2024
Астанада грек-рим күресінен Алаштың ардақ тұтар азаматы, Олимпиада және әлем чемпионы, Қазақстанның Еңбек ері Жақсылық Үшкемпіровті еске алуға арналған жастар арасындағы (U-20) халықаралық турнир аяқталды.
Спорт • 18 Наурыз, 2024
Шорт-тректен Нидерландтың Роттердам қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында 28 жастағы қостанайлық спортшы Денис Никиша күміс медальды олжалады.
Теннис • 18 Наурыз, 2024
Қазақстанның теннисшісі Дмитрий Попко (АТР рейтингінде 276-орын) Бразилияның Фейра-ди-Сантана қаласында өткен ITF турнирінде топ жарды.
Аймақтар • 18 Наурыз, 2024
Жұртшылық асыға күткен көгілдір көктемнің ұлы мерекесі – әз Наурыз Қонаев қаласында да кең көлемде басталды. Қала жұртшылығы «Көрісу күнін» айрықша атап өтті. Ұлттық салт-дәстүрімізбен қатар, ұлттық тағамдарымызды насихаттау мақсатында «Бауырсақ party» ұйымдастырылып, қала қонақтарына дәмі тіл үйірер 2000 келі бауырсақ пісіріліп, үлестірілді.