Театр • 31 Наурыз, 2023
Республикалық шеңберден шығып, халықаралық деңгейді қамтып, театр өнері мен сахнадағы жетістікті баяндап, бақ сынайтын ауқымды фестивальдердің аламаны алдымен өз шағын алаңын бағындырудан басталып жатады. Бұл бәйгенің бәрі өз өнерін өзгемен салыстырып, жаңашылдыққа ұмтылып, тәжірибе алмасып, біртұтас өнер кеңістігін жасау үшін маңызды да. Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры биылғы маусым кезеңін биік жетістіктермен түйіндегенін 5-рет өткізіліп отырған «Алтын сақа» театрішілік фестивалімен көрсетті. Алғаш 2016 жылы «Алтын сақа» балалар спектакльдерінің бәйгесі болып бастау алып, жаңа қойылымдардың театрішілік фестивалі деп жалғасын тапқан бұл фестиваль төрт жыл қатарынан өткен соң әлемдік пандемия салдарынан тоқтап қалып, араға үш жыл салып, биыл театрмен қайта қауышты. Театрдың 70-ке тарта әртісі арасында бір жыл аясында сахналанған спектакльдегі рөлдер бойынша жүлделер сарапқа салынып, түрлі арнайы аталымдар бойынша жүйріктер анықталып, ақшалай және арнайы дипломдармен марапаттайтын үміт пен шабыт сыйлайтын шығармашылық дәстүр бұл.
Экология • 31 Наурыз, 2023
Пластик қалдығын кәдеге жаратсақ
Қазір қоршаған ортаны пластик қалдықтардан тазарту – күн тәртібінен түспей келе жатқан мәселе. Өйткені жүздеген жыл бойы шірімейтін пластмасса өнімдердің табиғатқа тигізер зияны орасан. Бұл ретте пластик қалдықтарын тиімді пайдалану, қайта өңдеп кәдеге жарату өзекті мәселені шешудің бір жолы ретінде аталып жүр.
Аймақтар • 31 Наурыз, 2023
Атырау облысының қойнауы мұнай мен газ секілді табиғи байлыққа толы болғанымен, атмосфералық ауасы тап-таза емес. Өңір тұрғындары екі күннің бірінде ауаның ластанғаны, қолқаны қапқан сасық иістен жүрек айнып, бас айналатыны жөнінде шағым айтады. Дәл осындай жайт кейінгі жылдары тіпті жиіледі.
Сенат • 31 Наурыз, 2023
Өңірлерді өркендету – басым бағыт
Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен «Өңір» депутаттық тобының жаңарған құраммен алғашқы отырысы өтті. Жиын барысында депутаттар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың VIII сайланған Парламент Мәжілісінің бірінші сессиясында Парламент пен Үкіметке жүктеген міндеттерін талқылады.
Аймақтар • 30 Наурыз, 2023
Күре жол қорымның үстінен өте ме?
Ұлан-байтақ жеріміздің қай түкпіріне қатынасақ та автомобиль жолдарының сапасына қатысты сын көп айтылады. Оған жолға шыққан кезде көзіміз анық жетіп жүр. Бүгінгі қозғап отырған мәселеміз де жол құрылысына қатысты болғанымен, оның бағытына халықтың қарсылығын білдіруі еріксіз ойлантады.