Пікір • 15 Наурыз, 2025
Отанымызды өркендетудің озық үлгісі
Қастерлі Бурабай баурайында Ұлттық құрылтайдың төртінші отырысы өтті. Алқалы жиында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елдің алдағы бағдарын айқындап берді. Онда кейінгі кезде қоғамда қызу талқыланған өзекті мәселелерден бастап еліміздің әлеуметтік-экономикалық және саяси бағдарына қатысты басымдықтар түгел қамтылды.
Пікір • 15 Наурыз, 2025
Ұлыстың ұлы күні қарсаңындағы дәстүрлі жиын – Ұлттық құрылтайдың IV отырысы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Бурабайдың баурайында ұйымдастырылды.
Президент • 15 Наурыз, 2025
Бурабайдағы Ұлттық құрылтай отырысынан кейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан іс-шара қатысушыларына ауызашар берілді. Сондай-ақ қасиетті жұма күні барлық өңірде ардагерлер мен еңбек адамдарына Президент атынан ауызашар дастарқаны жайылды.
Құрылтай • 15 Наурыз, 2025
Ұлттық құрылтай ортақ мақсат пен игі істерге жұмылдырады
Абылай ханның ақ туы тігілген қасиетті Көкше жерінде, бауырмал Бурабай баурайында Ұлттық құрылтайдың төртінші отырысы жоғары деңгейде өтті. 2022 жылдан бері елдің болашағын айқындайтын стратегиялық институттың біріне айналған жиында қоғамдағы ең өзекті мәселелер талқыға түсіп, елдің келешек дамуы мен өркендеуіне бағыт-бағдар беретін тың ұсыныстар ортаға салынды.
Кино • 15 Наурыз, 2025
«Бұл фильмге көрермен сынай келіп, күлімдей тамашалап, жылап шығады» деді ә дегеннен туынды ерекшелігімен таныстырған жоба авторлары. Қалай десек те, жаңа Қожаны көрерменнің қуанышпен бірге қорқыныш сезімін қатар сезіне қарсы алғаны белгілі. Хош, сонымен тұсауы кесілген Қожаның жаңалығы неде? Аңыз Абдолла мен сұңғыла Соқпақбаев тандеміне қылау қондырмай, классикаға өз үнін қосуға талпынған шығармашылық топтың ізденісі қаншалықты ілкімді?