Аймақтар • 20 Наурыз, 2019
Түркістан өңірі жайлы қос жинақтың тұсауы кесілді
Түркістан облысында қос бірдей тарихи кітаптың тұсауы кесілді. Оның бірі – кітап 4 тілде (қазақ, орыс, ағылшын, түрік) жарық көрген «Тамыры терең Түркістан» жинағы. Екіншісі «Түркістан облысындағы киелі жерлердің географиясы» атымен шыққан төрт томдық туынды. Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз жиынында кітаптардың авторлары Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ оқытушысы Мұхтар Қожа мен «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсенің бас менеджері Қазыбек Тәжиев туындылары туралы тарқатып айтты.
Аймақтар • 20 Наурыз, 2019
Елбасы Түркістанның жаңа дәуірін бастап берді
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев республикалық телеарналар арқылы Қазақстан халқына арналған мәлімдемесінде Президенттік өкілеттігін тоқтататынын жария еткен болатын. Осыған орай Түркістан өңірінің зиялы қауым өкілдері Тұңғыш Президент жайында өз пікірлерін білдірді. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Парламент • 20 Наурыз, 2019
Парламент елорданың атауын Нұрсұлтан деп өзгерту туралы құжатты қабылдады
Парламент палаталарының бірлескен отырысында Астананың атауын Нұрсұлтан қаласына өзгерту туралы заң жобасы екі оқылымда қабылданды. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.
Қазақстанда корейлік капиталдың қатысуымен 516 бірлескен кәсіпорын жұмыс істейді
19-20 наурыз күндері Сеулде сауда-экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық бойынша Қазақстан-Корей үкіметаралық комиссияның 8-ші отырысы өтті. Қазақстан делегациясын ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр бастап барды.
Қазақстан • 20 Наурыз, 2019
Жүрегіміздің қағанына айналды – Тимур Кожаоғлу
Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев күні бүгінге дейін жасаған маңызды бастамалары арқылы ең алдымен Түркі мемлекеттері басшыларына, тіпті жер бетіндегі өзге де елдерге демократия дәрісін беруді жалғастыруда.