Аталған кітаптар ҚР Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы аясында жарық көрген.
«Жинақтарды шығарудағы мақсат – ұжым болған ата-бабаларымыздың жатқан жерлерін, ескерусіз қалған есімдерді таныту. Сондай-ақ тарихи тұлғалар мен қасиетті жерлерге қатысты аңыз-әңгімелерді, ел арасындағы ауызша тарихты түгендеу», – деді Қазыбек Тәжиев.
"Түркістан облысындағы киелі жерлердің географиясының» алғашқы томында облысымыздың Түркістан мен Созақ аудандарында орналасқан нысандар жайлы мәліметтер енгізілген. Ал «Тамыры терең Түркістан» атты ғылыми-танымдық альбомда рухани-мәдени, экономикалық, өнеркәсіптік, көлік-логистикалық, ішкі-сыртқы туризмдік, демографиялық әлеуеті суреттелген. Сондай-ақ, туындыда Түркістан өңірінің бүгінгі келбеті мен даму бағдары қымтылған.