Қазақстан • 20 Наурыз, 2019
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің мәлімдемесі
2019 жылғы 19 наурызда Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Мемлекет басшысының өкілеттігін тоқтату туралы халыққа тарихи үндеу жасап, тиісті Жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми сайты мәлімдеді.
Қазақстан • 20 Наурыз, 2019
2019 жылғы 19-20 наурызда Қытай тарапының шақыруымен ҚХР-ға жұмыс сапары барысында ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР қаржы министрі Әлихан Смайылов ҚХР Мемлекеттік Кеңесі Премьерінің орынбасары Хань Чжэнмен, ҚХР Бас кеден басқармасының басшысы Ни Юэфэнмен және ҚХР қаржы министрі Лю Куньмен кездесулер өткізді.
Президент • 20 Наурыз, 2019
Нұрсұлтан Назарбаев әлемдік тарихқа мықты саяси реформатор ретінде енді
Бүгін Парламенттің бірлескен отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев Нұрсұлтан Назарбаевтың жетістіктеріне тоқталды.
Мәскеуде «Астана Опера» театрына беделді «BraVo» сыйлығы табысталды
Классикалық өнер саласындағы Халықаралық кәсіби музыкалық «BraVo» сыйлығының екінші салтанатты табыстау рәсімі Мәскеуде 19 наурыз күні Ресей Үлкен театрының әйгілі тарихи сахнасында өтті. «Астана Опера» театры «Жылдың Концерттік/театр алаңы» аталымы бойынша көшбасшысы атанды. Театрға марапатты РФ мәдениет министрі В.Мединский табыс етті.
Президент • 20 Наурыз, 2019
Елбасы суреттері еліміздің маңызды атрибуты ретінде қала бермек
Нұрсұлтан Назарбаевтың портреттері мемлекеттік мекемелер мен басқа ғимараттарда сақталып қала бермек. Бұл туралы Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қ.Тоқаев мәлімдеді.