Президент • 20 Наурыз, 2019

Нұрсұлтан Назарбаев әлемдік тарихқа мықты саяси реформатор ретінде енді

1688 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Парламенттің бірлескен отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев Нұрсұлтан Назарбаевтың жетістіктеріне тоқталды.

Нұрсұлтан Назарбаев әлемдік тарихқа мықты саяси реформатор ретінде енді

«Нұрсұлтан Назарбаев әлемдік тарихқа мықты саяси реформатор ретінде енді. Ол Қазақстанды әлемде бәсекеге қабілетті және дамыған 50 елдің қатарына енген заманауи озық мемлекетке айналдыра алды» деді Тоқаев.

Оның айтуынша, Назарбаев реформалары Қазақстанды тұрақты дамытып отырды.

«Қазақстан барлық экономикалық көрсеткіштері бойынша Орталық Азияда көшбасшы болды, посткеңестік кеңістікте алдыңғы орынға ие болды. Оған қоса Үкіметке дағдарыстық жағдайларда әлеуметтік-экономикалық сипаттағы бірінші кезектегі міндеттерді шешуге мүмкіндік беретін ірі ұлттық ресурстарды шоғырландыра алды. Елбасы экономикаға инвестиция тарту бағытын жүзеге асырды. Біздің елімізге 300 млрд доллардан астам инвестиция құйылды» деді ол.