«Сіз сурет сала аласыз!». Сурет салып көрмеген сізге осылай десе сенесіз бе? Көркемөнер саласындағы туындыларға қарап отырып, түрлі сезімге бөленесіз, қуанасыз, таңғаласыз, мұңаясыз, мүмкін, көз жасыңызға ерік беріп, жылап аларсыз, кейде арман-қиялға беріліп, шарықтап биіктерге самғарсыз.