Аймақтар • 15 Наурыз, 2024
Тарихи мұраларымыз түгенделмек
Атырауда өтіп жатқан Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында мемлекет дамуына бастайтын маңызды міндеттер сараланды. Құрылтайда Президент тілге тиек еткен тарихи-мәдени құндылықтарымызды насихаттау мен қорғау ісіне қатысты Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Орталық музейінің директоры Рашида Харипова пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 15 Наурыз, 2024
Әсем Рахметова: Сырт көздің сынындамыз!
Бүгін Атырау қаласында Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысы өтті. Әз Наурыз қарсаңындағы бұл жиынның Жайық жағасында, тарихта хан ордасы атанған Сарайшық қаласы жанында ұйымдастырылуы да бекер емес. Ұлттық құрылтай қоғамдағы айтылып жүрген мәселелер қаралатын, қарапайым халық көтеріп жатқан жайттар ортаға салынатын орта. Бұл елдігіміз бен егемендігімізді, бірлігіміз бен берекемізді бекемдейтін мәселелер көтерілер жер.
Қоғам • 15 Наурыз, 2024
Дархан Қыдырәлі: Кез-келген азамат өзін жайлы һәм қауіпсіз сезінуі тиіс
Парламент Сенатының депутаты Дархан Қыдырәлі Атырауда өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысы туралы Instagram әлеуметтік желісінде пікірін білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 15 Наурыз, 2024
Мәулен Әшімбаев: Ұлттық идеологияның жаңа бағдары
Бүгін Атырау қаласында Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың төрағалығымен Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысы өтті. Дәстүрге айналған келелі кеңестің кезекті жиынында идеология саласында жүргізілетін кешенді жұмыстың нақты бағыт-бағдары айқындалды. Бұл қазіргідей жаһандану кезеңінде тарихи тамырдан ажырамай, ұлттың өзіндік келбетін сақтау қалу үшін аса маңызды қадам екені анық.
Президент • 15 Наурыз, 2024
Президент атынан Ұлттық құрылтай қатысушыларына ауызашар берілді
Мемлекет басшысының атынан Ұлттық құрылтай қатысушыларына ауызашар берілді. Президент жиналған қауымды қасиетті Рамазан айымен құттықтап, оларға Ұлттық құрылтай жұмысына белсенді атсалысқаны үшін ризашылығын білдірді. Сонымен қатар Мемлекет басшысы Оразаға тұспа-тұс келген биылғы жиынның мән-маңызы ерекше екенін атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.