Жәдігер • 14 Наурыз, 2025
Ақтөбе облысында ежелгі ғұн тайпаларының қоныстарын анықтауға байланысты 2020–2023 жылдары ерекше қарқынмен басталған қазба жұмыстары бүгінде саябырсыды. Сол жылдары Ойыл ауданындағы Саралжын ауылында, Көптоғай ауылының Шөптігөлінде, Ш.Берсиев атындағы ауылдық округтің Қаздыаралында ғұн-сармат тайпаларының обалары, найза ұштары, құмыралар мен әшекей бұйымдары көптеп табылды.
Білім • 14 Наурыз, 2025
Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек үкімет отырысында жасанды интеллект саласында жұмыс істейтін стартаптардың жедел дамуына арналған «AI-Sana» бағдарламасын әзірлеу басталғанын жариялады.
Digital • 14 Наурыз, 2025
Елімізде жасанды зердені қолданып, түрлі салада инновациялық шешімдер мен жобалар жасау үрдіске айналды. Мемлекет те бұл бағытқа ерекше көңіл бөле бастады. Соның арқасында технологиялық стартаптар айтарлықтай серпіліс жасап, нарықтағы өз орнын қалыптастырып жатыр. Мәселен, «TapQan» платформасы құрылыс және тау-кен саласына қажетті ауыр техниканы тез әрі тиімді жалға алуға көмектессе, «OES» онлайн емтихандардың әділдігін қамтамасыз етеді. Ал «Bizdin.ai» жасанды интеллект көмегімен бейнебақылау жүйелерін жетілдіріп, қауіпсіздікті қадағалайды. Бұл стартаптар тек ел ішінде ғана емес, халықаралық деңгейде де сұранысқа ие.
Басылым • 14 Наурыз, 2025
Қарқынды дамып келе жатқан жаңа сала туралы қазақ тілінде жазылған алғашқы кітап – «Жасанды интеллект әліппесі» жақында көпшілікке таныстырылды. Еңбекте ЖИ-ді түсіну, меңгеру, қолдану тәсілдері қарапайым тілмен жазылып, нақты мысалдармен көрсетілген. Іс-шара барысында «TurkAI» – түркі мемлекеттерінің жасанды интеллектшілер қауымдастығының құрылғаны хабарланды. Сондай-ақ салалық «AI-hub» компаниясы мен «ai-hub.kz» сайтының жаңа бастамалары назарға ұсынылды.
Өнер • 14 Наурыз, 2025
Келісті ғой кимешек кестесімен
Өнер атаулының бәрі заманауи стильге көшкен бүгінгі толқында түрлі бағыт, түрлі қолтаңба кездеседі. Әр қолтаңбаның өз ерекшелігі, өз бояуы, өз дауысы бар. Қазір өнерде де тарихқа терең бойлап, ескіні көрсету, көнені жаңғырту үрдісі белең алып келеді. Бұл өткен мен бүгіннің арасын көркемдік тұрғыда, шеберлік аясында байланыстырады. Мәселен, қазақтың этнографиялық киімдерін қалпына келтіріп, қайта жаңғыртып жүрген Қолөнершілер одағының мүшесі, этнодизайнер Тілек Сұлтанның кимешектер сериясын айтамыз.