Тұлға • 14 Наурыз, 2025
Табылды Досымов талайдың жүрегін ырғағы бөлек әнімен, өзінен басқа ешкім қайталай алмайтын дауысымен баурады. Оның әндерінен қазақтың болмысы мен мінезі байқалып тұрады. Тау көтерген Толағайдай тұлғалы талант заманымыздың сал-серісі секілді еді.
Мереке • 14 Наурыз, 2025
Бұрын наурыздың 14-і – елімідің батыс аймағына ғана тән көрісу күні еді. Сондай-ақ көршілес Ресейдің Астрахан, Волгоград, Саратов, Самара, Орынбор және Өзбекстанның Қарақалпақстан өңірінде, Түрікменстанда тұратын қандастарымыз да осы күні Наурыз айы туды деп, «көрісу» салтын бастайтын.
Әдебиет • 14 Наурыз, 2025
Көп ішінде жүріп, жалқының күйін кешкеннен асқан қасірет бар ма? Төңірегің түгел болса да, өз ішіңде жанған әлдебір алау жүрегіңе жүк артып қойғандай беймәлім сезім тұла бойыңдағы тыныштық күзетшісінің мазасын қашырып тұрғандай жаның жабырқайды. Құлазыған көңілдің пернесін әлдебір әуен қалыпқа келтіретіндей көрінеді. Жан тыныштығын әдемі әннен іздейтініміз де содан болса керек.
Маман • 14 Наурыз, 2025
Биыл өңірдегі бірнеше жол жөнделеді. «Қарағанды – Жезқазған» бағытындағы күрежолдың құрылысы басталады. Салынар жолдың сапалы болуы – негізгі талап. Сол себепті Жол активтері ұлттық сапа орталығының жұмысы қарбалас күй кешіп келеді. Әсіресе компанияның зертхана қызметкерлері таңның атысы, күннің батысы дамылсыз жүріп қызмет атқарады.
Ауыл • 14 Наурыз, 2025
Таңертең көкемнің «тұр да-тұрымен» оянып алсақ та жылы көрпеден шыққымыз жоқ.