Бағдарламалар • 12 Наурыз, 2018
Президент Үндеуіне орай Ақтөбе облысында актив жиналыс өтті
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты Үндеуіне орай Ақтөбе облысында актив жиналысы өткізіліп, жаңа қосымша міндеттер белгіленді. Активте облыс әкімі Бердібек Сапарбаев әлеуметтік мәселелерге баса мән берген. Бұл жолғы Президент Үндеуінің мәні мен маңызы айрықша екенін, оның барша қазақстандықтарды толғандырып отырған әлеуметтік-тұрмыстық мәселелерді түбегейлі шешуге бағытталғанын атап көрсетті.
Бағдарламалар • 12 Наурыз, 2018
Өмірлік маңызы зор Президенттің бес әлеуметтік бастамасы
Өз елі мен халқына адал қызмет етудің тамаша үлгісін көрсетіп келе жатқан Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты Үндеуін жариялап, қай кезде де өз отандастарының мүддесін бәрінен де жоғары қоятынын көрсетті.
Қазақстан • 12 Наурыз, 2018
Судың сипаты туралы ақпаратқа зәруміз
Қазіргі экологиялық жағдайда табыстың бір көзі – таза су. Ауыз судың маңызын айтып тауысу мүмкін емес. Ұзақ жасауды қаласаңыз, бұл да пайдалы судың сапасына тіреледі.
Қазақстан • 12 Наурыз, 2018
Шағын кәсіпкерлік – елдің әлеуетті тірегі
Дамыған елдерде экономиканың драйвері ретінде шағын бизнес ерекше рөл атқарады. Шағын және орта бизнес өркендесе, халық кәсіпкерлікпен шұғылдануға бейімделсе, мемлекеттің мұртын балта шаппайтынын аталған елдер әлдеқашан түсінген.
Спорттық жарнама түбіне жетті ме?
2013 жылы Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен «Астана» кәсіпқой президенттік клубы құрылды. Оның қатарына «Астана» футбол клубы, «Астана» баскетбол клубы, «Astana Pro Team» велокомандасы, «Astana arlans» кәсіпқой бокс клубы, «Барыс» хоккей клубы және «Astana Motorsports» ралли командасы кірді. Президенттік клуб құрамына кіретін командалардың біршамасы жақсы нәтиже көрсетіп, ел абыройын халықаралық аренада асқақтатқаны рас. Алайда осы күні бұл клубта көптеген өзгерістер орын алмақшы.