Қаржы • 30 Наурыз, 2020
Нұр-Сұлтан мен Алматыда банктер жұмысын тоқтатады
«30 наурыздан 5 сәуірге дейін Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында екінші деңгейлі банктер жұмысын тоқтатады», деп хабарлайды Ұлттық банктің баспасөз бөлімі.
Қоғам • 30 Наурыз, 2020
«Ауру кірді – әлек кірді» деген нақылды қазіргі біздің елдегі ғана емес, әлемдегі жағдайға қатысты айтуға болады. Қарап отырсаңыз, ақылға салып, ғаламдық індеттің алдын алғандар да, жоспарлы, жүйелі іс қамдағандар да жетерлік. Сонымен бірге даурыққандар да, дүрмекке қосылып шапқандар да, дүбірді көргендер де, оған ергендер де көп. Айтқан әңгімелері, болжамдары одан да қырғын. Терең білімді мамандарды, вирустанушы, зерттеуші дәрігерлерді есептемесек, көпшілігі (оның ішінде блогер де, балгер де, саяхатшы да, саясатшы да, кездейсоқ көріпкел, шешен, ділмар т.б. бар) елге ақыл-кеңес айтудан жаппай жарыс өткізіп жатқандай әсер қалдырады. Оның дұрысы мен бұрысын таразылап жатқан біліктінің қарасы аз секілді.
Медицина • 30 Наурыз, 2020
Коронавируспен ауыратындар саны 2 мыңнан аспауы мүмкін
Әлемдік статистика бойынша коронавируспен ауырғандар саны 100 адамнан асқаннан кейін, күн сайын 33 пайызға өсіп отырады екен. Ауруханаға жатуға мәжбүр науқастардың саны 20 пайызға, интенцивтік терапияны қажет ететіндер 5 пайызға көбейген.
Қазақстан • 30 Наурыз, 2020
Теміржол вокзалдарына 40 мың маска сатып алынды
Пойыздар мен вокзалдарды дезинфекциялау – «ҚТЖ» ҰК» АҚ ерекше назарында. Еліміздің барлық теміржол вокзалдарын қажетті мерзімге дейін вирусқа қарсы құралдармен қамту жөніндегі жұмыстар аяқталды. Осы мақсатқа 40 мың маска, 72 мың жұп қолғап, 5 мың литр антисептик сатып алынды.
Аймақтар • 30 Наурыз, 2020
Атырау: Карантин мен шектеу мерзімі 15 сәуірге дейін жалғасады
Бүгін Атырау қаласында карантин енгізілді. Сондай-ақ, облыс аумағында бірнеше шектеу шаралары бар. Оның мерзімі 15 сәуірге дейін жалғасады. Атырау облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Мейіржан Есімбаевтың қаулысында мына жайттар қамтылды.