Аймақтар • 30 Наурыз, 2020

Атырау: Карантин мен шектеу мерзімі 15 сәуірге дейін жалғасады

496 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Бүгін Атырау қаласында карантин енгізілді. Сондай-ақ, облыс аумағында бірнеше шектеу шаралары бар.  Оның мерзімі 15 сәуірге дейін жалғасады. Атырау облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Мейіржан  Есімбаевтың қаулысында мына жайттар қамтылды.  

Атырау: Карантин мен шектеу мерзімі 15 сәуірге дейін жалғасады

2020 жылғы 30 наурыз сағат 00:00-ден бастап 2020 жылғы 15 сәуір 07:00-ге дейін Атырау қаласында карантин және Атырау облысы аумағында келесі шектеу шаралары енгізілсін:

​1. Қазақстан Республикасындағы төтенше жағдай кезінде шектеу шараларын сақтау, сондай-ақ коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу мақсатында (бұдан әрі - COVID-19):

​1) Атырау қаласына кіруге және одан шығуға тыйым салынады (тұрақты тұру орындарына кіруге және шығуға 02.04.2020 жылы сағат 00-00 дейін рұқсат беріледі);

​2) аудан тұрғындарына облыстар, аудандар және Атырау қаласы арасында жүруге тыйым салынады;

​3) облыстар және аудандар арасында ресми және ресми емес (тіркелмеген) жеке тасымалдаушылармен жолаушылар тасымалына тыйым салынады;

​4) барлық автовокзалдардың, автостанциялардың жұмысы тоқтатылсын;

​5) 2020 жылғы 1 сәуірден бастап теміржолдағы аймақаралық жолаушылар қатынасы тоқтатылсын;

6) үкіметтік  рейстер мен төтенше жағдай жөніндегі Атырау өңірлік комиссиясының төрағасымен келісілген рейстерден басқа, Атырау халықаралық әуежайының барлық рейстерін тоқтатсын;

​7) мыналарды қоспағанда, тұрғылықты жерлерден шығуға тыйым салынсын:

-азық-түлік, қажетті заттар, дәрі-дәрмектер мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу;

-жұмысқа бару;

-медициналық көмекке жүгіну;

8) 65 жастан  асқан қала  тұрғындарына ерекше қажетсіз жағдайда болмаса, үйден далаға шықпасын;

9) тұратын жерінен тыс жерде жүрген кезде маска киіп жүрсін, бір рет қолданылатын қолғаптарды пайдалансын және қолды өңдеуге арналған тері антисептиктерінің болуын қамтысын;

10) балалармен серуендеуді тұрғылықты жерінен 500 метрден аспайтын радиуста және ұзақтығы 30 минуттан аспайтын  уақыт ішінде жүзеге асырсын;

​11) азық-түлік супермаркеттерін, азық-түлік дүкендерін, дәріханалар мен қажетті тауарлар сатуды қоспағанда, сауда-ойын-сауық орталықтары мен базарлардың қызметін тоқтатсын;

​12) азық-түлікке жатпайтын сауда орталықтарының, жеке тұратын азық-түлік емес дүкендердің, автокөлік сататын салондардың, авто бөлшектерді сату салондарының, гүл павильондарының, химиялық тазалау, кір жуатын орындардың, фотоателье, фотосалондардың, оптика, ломбардтардың, жылжымайтын мүлік агенттіктерінің, көлік жуу орындарының,техникалық қызмет көрсету станциялары, моншалар, сауналар, фитнес клубтар, тренажерлер, спорт кешендері, бассейндер, сұлулық салондары, спа-орталықтар, тырнақ шеберханалары, шаштараздар, компьютерлік клубтар, жабық балалар ойын алаңдары, зоопарк , мұз айдыны, көрмелер және осыған ұқсас қызмет көрсету нысандары қызметін тоқтатсын;

​13) мейрамханалар, кафелер, барлар, асханалар және басқа да қоғамдық тамақтану объектілерінің жұмысына тек 10.00-ден 20-00-ге дейін «тапсырыс берушілерге жеткізу» қағидаты бойынша рұқсат берілсін;

​14) меншік түріне қарамастан балабақшалардың қызметі тоқтатылсын.   

Жұмасат ҒАЗИЗ