Әлем • 14 Наурыз, 2024
Бакуде түркі мәдени мұрасына арналған конференция өтіп жатыр
Бүгін Бакуде «ЮНЕСКО бағдарламасы аясында түркі әлемінің тарихи-мәдени мұрасын зерттеу және сақтау» тақырыбында конференция басталды. Екі күнге жоспарланған іс-шара Түркі Академиясының бастамасымен, сонымен қатар Академияның Түркі мәдениеті мен мұрасы қоры, Әзербайжан Республикасының ЮНЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссиясы, Түркияның ЮНЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссиясы, Түркі мемлекеттері ұйымының Хатшылығы, Түрік ынтымақтастық және үйлестіру агенттігі (TIKA) және ADA университетінің Даму және дипломатия институты қатарлы серіктестермен бірлесіп ұйымдастыруымен өтіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Сұхбат • 14 Наурыз, 2024
Тұрсынғали ЕДІЛОВ, бапкер: Куба қабыландарының «құпиясын» аштым
Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Тұрсынғали Еділов 1997–2001 жылдар аралығында еліміздің ұлттық құрамасының тізгінін ұстады. Білікті бапкердің тұсында отандық былғары қолғап шеберлері орасан зор табысқа қол жеткізді. Ғасырлар тоғысында Сиднейде алауы тұтанған Олимпия ойындарының финалында қазақтың төрт бірдей боксшысының өнер көрсетуі – сөзіміздің айқын дәлелі. Сол кезде жер-жаһан жанкүйерлері бізге қызыға да қызғана қараған еді. Жасыл құрлықта екі алтын мен екі күмісті олжалаған жерлестеріміз жалпыкомандалық есепте үшінші орынды иеленді.
Театр • 14 Наурыз, 2024
Бүгінде өңір мәдениетін өрге сүйреп келе жатқан үркердей таланттар шоғырының ішіндегі жұртшылыққа есімі етене таныс, жас та болса, ел сүйіспеншілігіне бөленіп үлгерген дара өнерпаздың бірі – І.Омаров атындағы Қостанай облыстық қазақ драма театрының актрисасы Диана Тұрсынова. Т.Жүргенов атындағы ұлттық өнер академиясында оқи жүріп, белгілі театр қайраткері Есмұхан Обаев сынды майталман маманның тәлімін көрген талантты қыз 2013 жылдан бері Тобыл төріндегі қара шаңырақта еңбек етіп келеді.
Өнер • 14 Наурыз, 2024
Оның әншілік тұлғасы – күллі музыка кеңістігіндегі теңдесі жоқ даралық. Тілі басқа, дәстүрі бөлек алты құрлықтың адамдары оған, әншілік өнеріне табына әрі таңдана қарады. Ерік бір ғана халықтың перзенті болса да, әншілік даңқы таулардан асып, мұхиттардан өтіп, бүкіл әлемді аралап кетті, атағы шартарапқа жайылды.
Теннис • 14 Наурыз, 2024
Қазақстанның бірде-бір теннисшісі АҚШ-тың Индиан-Уэллс қаласында өтіп жатқан жүлде қоры 8 995 555 долларды құрайтын дүбірлі доданың төртінші айналымынан аса алмады.