Қазақстан • 19 Наурыз, 2019
Ташкентте І Орталық Азия экономикалық форумы өтті
Ташкент қаласында аймақ елдері Үкіметтері өкілдерінің қатысуымен алғашқы Орталық Азия экономикалық форумы (ОАЭФ) өтті. Оған Премьер-Министрдің орынбасары Жеңіс Қасымбек бастаған Қазақстан делегациясы қатысты. Алғашқы ОАЭФ тақырыбы «Орталық Азиялық қауымдасу: өзара тиімді даму келешегі» болды.
Француз инвесторлары Қостанайда шошқа шаруашылығын дамытуды ұсынды
Бұл жөнінде Қостанай облысына келген Францияның Қазақстандағы елшісі Филипп Мартинэ бастаған француз делегациясы мен өңір басшысы Архимед Мұхамбетовтың кездесуінде айтылды. Елші жанына франциялық елінің әлеуетті инвесторларын, яғни франциялық және біріккен ірі компаниялар басшыларын ерте келіпті.
Қазақстан • 19 Наурыз, 2019
Ақтауда өңір басшылары мен NCOC компаниясының өкілдері кездесті
Ақтауда Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов, Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев және Солтүстік-Каспий Консорциумының өкілдері - Консорциум акционерлері кеңесінің төрағасы Лука Виньети, NCOC компаниясының басқарушы директоры Ричард Хоувтың қатысуымен үш жақты кездесу өтті.
Қостанай ауданына жаңа әкім тағайындалды
Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов облыс орталығына іргелес әрі аттас ауданның активіне жаңа әкім Виктор Радченконы таныстырды.
Аймақтар • 19 Наурыз, 2019
«Көрмені көріп қал, керегіңді алып қал»
Астанадағы «Көрме» орталығында Ауыл шаруашылығы министрлігі, Астана қаласының әкімдігі, «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі, Қазақстанның фермерлер одағы, Құс өсірушілер одағы, Жылыжай шаруашылықтары одағы секілді ұйымдардың тізе қосып қолдауымен халықаралық «AgriTek/FarmTek Astana-2019» ауылшаруашылық көрмесі өтті.