Коронавирус • 24 Наурыз, 2020
Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 66-ға жетті
Коронавирус індетін жұқтырған тағы 2 адам Алматы қаласында тіркелді. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақтар • 24 Наурыз, 2020
Ақтөбеде санитарлық-эпидемиологиялық жағдай қалыпты
Пандемияның ауыр шеңгелі еліміздің батыс өңіріне де ауыз сала бастады. Бұлай деуіміздің де басты себебі 2020 22 наурызы күні Ақтөбеде коронавирус баткериясын жұқтырған әйел адамның тіркелгені болып отыр. Бұл жөнінде жергілікті және республикалық БАҚ өкілдеріне 2020 жылдың 23 наурызы күні таңертеңгі сағат 9-00 де өткізілген тікелей эфир кезінде Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиев хабарлады.
Қазақстан • 24 Наурыз, 2020
Қазақстандықтар Польшадан үйлеріне оралды
Бүгін, коронавирус пандемиясы аясында әлемдегі қолайсыз жағдайға байланысты біздің отандастарымызды Қазақстанға қайтару бойынша қабылданып жатқан шаралар аясында, Польшаға отандық SCAT әуекомпаниясының арнайы чартерлік рейсі жіберілді. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Коронавирус • 24 Наурыз, 2020
Қазақстанда тағы екі адамнан коронавирус табылды
Нұр-Сұлтан қаласында тағы екі азаматтан коронавирус анықталды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп хабарлады.
Қазақстан • 23 Наурыз, 2020
Қазақстандықтар Лондоннан елге оралып жатыр
Коронавирус төңірегіндегі күрмеулі мәселеге байланысты Қазақстанның Ұлыбританиядағы Елшілігі шет елдердегі қазақстандық консулдық қызметкерлермен тығыз қарым-қатынас орната отырып, 100-ден астам отандасымыздың елге оралуына жағдай жасады. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.