Спорт • 01 Наурыз, 2018
Қарқаралы топырағының тумасы Амангелді Мұсабеков сонау 1971 жылы еркін күрестен КСРО халықтарының спартакиадасына қатысты. Қатысқанда да, әлдекімдердің шешімімен Қазақстан құрамасынан орын бұйырмай, амалсыз Тәжікстанның атынан күресті. Тоқсан кило салмақ дәрежесіндегі қарсыластарын бет қаратпай жеңіп келе жатып, Қазақстан құрамасының мүшесі Петр Суриковпен белдесер кезде бапкерлер: «Аман, Қазақстанға медаль керек, жеңіле сал», деп жабыла өтініп, ақыры көндірді.
Руханият • 01 Наурыз, 2018
Қазақстанда халықтың болашаққа деген сенімін арттыруда, ел бірлігін нығайта түсуде, барлық табыстарымыз бен игіліктерімізге қоғамдық келісім мен татулықтың арқасында қол жеткізіп отырғанымызды жұртшылықтың жадында жаңғыртуда жалпыхалықтық мерекелеріміздің орны бөлек. Бұл мейрамдардың арасында Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2016 жылдың 14 қаңтарындағы Жарлығымен бекітілген, барша қазақстандықтар осымен үшінші рет атап өткелі отырған, аз ғана уақыттың ішінде халықтың қолдауына ие болып, бұрыннан тойланып келе жатқан айтулы мейрамдармен терезе теңестіре білген,1 наурызға белгіленген Алғыс айту күні мерекесі де бар.
Қазақстан • 01 Наурыз, 2018
Балалар үйінің тәрбиеленушілерімен киноға барды
«Жас Отан» жастар қанаты ұйымы 1 наурыз – Алғыс күніне орай Астана қаласы әкімдігі «Балалар үйі» мекемесінің тәрбиеленушілерін киноға шақырады. Балалар қазақстандық режиссер Ален Ниязбековтың «Каникулы в Таиланде» филімін тамашалады.