Қазақстан • 01 Наурыз, 2018

Балалар үйінің тәрбиеленушілерімен киноға барды

412 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Жас Отан» жастар қанаты ұйымы 1 наурыз – Алғыс күніне орай Астана қаласы әкімдігі «Балалар үйі» мекемесінің тәрбиеленушілерін киноға шақырады. Балалар қазақстандық режиссер Ален Ниязбековтың «Каникулы в Таиланде» филімін тамашалады.

Балалар үйінің тәрбиеленушілерімен киноға барды

Қайырымдылық сеанс «Кinopark» кинотеатрлар желісінің қолдауымен өтті. Шара арқылы жастар адамдарды бір-біріне мейірімді болуға, қолдан келген көмекті аямауға шақырады. Сонымен қатар, 1 наурыз – Алғыс күні «Нұр Отан» партиясының мерейтойымен тұспа-тұс келді. Биыл Елбасы төрағалық ететін партия 19 жылдығын тойлайды. Партияның Жастар қанаты қос мерекені балаларға сыйлық жасап, қуаныш сыйлау арқылы атап өтуді шешкен.

«Осындай қайырымдылық акцияларын көбірек өткізгіміз келеді. Себебі басқаға жақсылық жасау арқылы, әр адам өзін бақыттырақ сезінетініне сенімдімін. Жастарды жақсылық жасауға, кішіге қамқор болуға, қоғамдағы мәселелерге бей-жай қарамауға үйреткіміз келеді. Бұл бастама бір күндік акция болып қалмауы керек, ары қарай жалғасын табады деп сенеміз және өз тарапымыздан ұйымдастырып тұруға күш саламыз», дейді «Жас Отан» ЖҚ төрағасы Данияр Сүндетбаев.

Қызық қалжың мен күлкілі сәттерге толы фильмді көрген балалар тамаша көңіл күймен шықты. Бірі ең қызықты сәттерді есіне алса, қалғандары фильмнен алған әсерлерімен бөлісті.