Пікір • 29 Наурыз, 2023
Шетелдің парламентіне таңғаласың. Қашан көрсең айтыс-тартыс, күн тәртібіне қойылған мәселені ұңғыл-шұңғылына дейін талқылап жатады. Әсіресе, Ұлыбританияның Қауымдастық палатасының отырыстарында талай қызық болады.
Қоғам • 29 Наурыз, 2023
Тұрғын үйді басқару түйткілдері заңнамадағы жаңа түзетулермен шешіле ме?
Әділетті қоғам құрудың басты қағидаты – ашықтық. Осы бағыттағы жұмыстарды нығайтудың бір көрінісі тұрғын үйді басқарудың жаңа формасына көшуден байқалып отыр. Өйткені бұған дейін басынан дау арылмаған ПИК жұмысына тағылатын айып көп қабатты үйлерді күтіп-жөндеуге жиналатын қаражаттың тиімсіз, көлеңкелі жұмсалуы еді. Енді осы олқылықтың орнын толтырады деп үміт артылған МИБ-тің жұмысы қаншалықты мүлтіксіз болмақ?
Ұстаз • 29 Наурыз, 2023
Шәкірт санасына білім нәрін сеуіп, елдің ертеңі болар өрендерді тәрбиелеу екінің бірінің қолынан келмейді. Өйткені ұстаздық әркімнің пешенесіне жазылмаған. Ұстаз болу – баланың бойына жүрек жылуын, мейірім шуағын, адамгершілік ұлылығын дарыту.
Білім • 29 Наурыз, 2023
Тексеріс нәтижелері көңіл көншітпейді
Қостанай облысындағы білім нысандарының үштен бірі қауіпсіздік талаптарына сай келмейді. Сыныпта отырған балаға сырттан төнер қауіптің алдын алу мақсатында таяуда ғана білім мекемелеріне жүргізілген тексеру шаралары барысында бірталай олқылықтар анықталып отыр.
Тарих • 29 Наурыз, 2023
Ақтөбе облысының мәдени-тарихи мұрасын зерттеу және сақтаудың өзекті мәселелері еліміздің және шетелдік бірқатар тарихшының қатысуымен өткен жиында талқыланды. Президент тапсырмасымен ел тарихының жаңа тұжырымдамасы бекітіліп, жеті томдық Қазақстан тарихы қайта жазылғалы тұрған қазіргі уақытта тарихшыларымызға «Қазақстан –Еуразия құрлығындағы ежелгі өркениетті жасаған ел» концепциясын даярлап шығу міндеті қойылды. Даламызда бірнеше мыңдаған жыл бұрын ежелгі адамдар қолымен тұрғызылған ескерткіштер құрып кетудің алдында тұрған қазіргі тұста осы дүниелерді түгендеу геосаясаттағы қадамдарымыз үшін де маңызды.