Театр • 28 Наурыз, 2024
Таланттарды саралаған «Altyn saqa»
Кейде кереқарыс кітап сіңіре алмаған ақыл мен адамгершілікті театр сахнасынан үйренуге тура келеді. Өмірді көркем бейнелейтін сахна өнерінің санада сілкініс туғызып, ақылды жарқыратып жіберетін құдіретін театрмен бірге тыныстайтын көзіқарақты адам жақсы біледі.
Қоғам • 28 Наурыз, 2024
«Әйелім базарда» – түрік тілінде
Алматыдағы Ұлттық кітапханада белгілі сатирик-жазушы, Жазушылар одағы Сатира кеңесінің төрағасы Ермахан Шайхыұлының «Сатира сарқыты», түрік тілінде жарық көрген «Әйелім базарда», балаларға арналған «Медина мәзірі» атты үш кітабы көпшілікке таныстырылды.
Қылмыс • 28 Наурыз, 2024
Шекарашылар Қазақстан-қырғыз шекарасы арқылы заңсыз жолмен өткізілмекші болған 3,5 миллион қорап темекі өнімдерін тәркіледі. Заңсыз жүкті тиеген 4 ауыр жүк көлігін Қазақстан-қырғыз шекарасындағы «Айша бибі» өткізу пунктінде тәуекелдерді басқару жүйесінің қызметкерлері анықтаған. Бұл туралы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады.
Құтқарушы • 28 Наурыз, 2024
Ымырт үйіріліп, көз байланып бара жатқан шақ еді. Аға лейтенант Руслан Кравцуновтың телефоны шыр ете түсті. Беймезгіл уақытта соғылған телефоннан жеткен ақпаратқа қарағанда әлдебір қала тұрғыны етжақын туысы, жасы жер ортасынан асқан ағайынының хабарсыз кеткенінен күдіктеніп, пәтеріне барғанымен, есігінен ене алмай тұр екен. Дірілдеп шыққан дауысы ішкі жан сезімін ұқтырып тұрғандай.
Қоғам • 28 Наурыз, 2024
Жылы сөзге зәру қоғамда өзгелердің өміріне араша болып, ерлік көрсеткен адамдардың әрекетіне жоғары баға беру әділетті. Әйткенмен әр нәрседен ілік іздейтіндер жақыны емес, жатқа жасаған жақсылыққа да жақсы сөз айтуға асықпайды. Әсіресе әңгіме құқық қорғау қызметіне келгенде «Бұл олардың тікелей міндеті» дейтініміз де бар. Бірақ олардың да ет пен сүйектен жаратылып, өзгелер секілді түйсік пен сезім берілетініне бас ауырта бермейміз. Біз әңгіме еткелі отырған полиция майоры Нұрлан Бауыржанұлы да антына адал, міндетіне мінсіз қызметкер.