Үкімет • 05 Наурыз, 2025
Өңдеу өнеркәсібіне басымдық беріледі
Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында экономиканың нақты секторын қаржыландыру мәселесі қаралды. Онда экономикалық өсудің қарқынын барынша арттыру мақсатымен Үкімет нақты секторды қаржыландыруды едәуір ұлғайтып жатқаны айтылды.
Аймақтар • 05 Наурыз, 2025
Стратегиялық өңірдің серпінді жобалары
Байырғы «Жібек жолын» қалыптастырған елдер арасындағы сауда-саттық, алыс-беріс бүгінгі нарық заманында жаңаша сипатта дамып отыр. Бұл тұрғыда Каспий теңізінің жағалауында орналасқан портты өңір – Маңғыстау даласының орны ерекше. Автомобиль, әуе және су жолдарын дамыту – өңірдегі басым бағыттардың бірі.
Саясат • 05 Наурыз, 2025
Сенаттың Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік жөніндегі комитетінің төрағасы Сүйіндік Алдашев Жапонияның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Ясумаса Ииджимамен кездесті.
Салық • 05 Наурыз, 2025
Салық кодексі аясында жүзеге асуы мүмкін жаңашылдықтың бірі – қосылған құн салығы (ҚҚС) бойынша есепке қоюдың шегін қазіргі 78 млн теңгеден 15 млн теңгеге дейін төмендету. Үкімет өкілдерінің пайымдауынша, бұл бизнеске де, мемлекетке де пайдалы болмақ. Әрі қарай министрлер былай дейді: елімізде тіркелген 2 млн 300 мың салық төлеушінің 137 мыңнан астамы ғана ҚҚС төлеуге міндетті. Енді соның 88 мыңы ғана ҚҚС төлеуде адалдық танытады екен. Аз ба? Иә, соншалықты көп емес. Бұл қаншама қаржының қазынаға құйылмай жатқанын айғақтайды. Мұның бірден-бір себебі жоғарғы шек дейді шенділер.
Ауыл • 05 Наурыз, 2025
Адырдың арғы жағы қалың қарағай. Ұшы-қиыры жоқ қылқанды орманның арасында отыз шақты үй отыр. Өскемен – Самар бағытындағы күре жолдан төрт-ақ шақырым жердегі бұл ауыл тұрғындарының жалғыз-ақ тілегі – ауыл мәртебесін алу. Әйтпесе, не картада, не тізімде жоқ. Жиырмадай гектар жерді орман шаруашылығы жерінен шығарып, әкімшілік аумаққа өткізсе жөн болар еді.