Саясат • 05 Наурыз, 2025

Жапония елшісімен кездесті

124 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сенаттың Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік жөніндегі комитетінің төрағасы Сүйіндік Алдашев Жапонияның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Ясумаса Ииджимамен кездесті.

Жапония елшісімен кездесті

Сурет: instagram.com/senate_kz/

Кездесу барысында парламенттік көмекпен қоса сауда-экономикалық байланыстар мен инвестициялық ынтымақтастықты нығайту және мәдени-гуманитарлық жобаларды іске асырудағы өзара екіжақты іс-қимылдың негізгі мәселелері қозғалды.

«Жапония – біздің Азиядағы стра­тегиялық әріптесіміз. Қазақстан мен Жапония арасында дипломатия­лық қаты­настар орныққан жылдарда өзара мүд­делер мен құрметке негіз­делген берік диалог қалыптасты. Бүгін біз пар­ламентаралық байланыстарды нығайтуға ерекше мән беріп отырмыз, өйткені бұл екіжақты ынтымақтастықты дамытудың маңызды құралы болып саналады», деді сенатор.

Олар екі елдің парламенттеріндегі дос­тық топтарының қызметін жандандыру және делегациялар алмасудың маңыз­ды­­лығын атап өтті. Сондай-ақ сирек кез­де­­сетін металдарды өндіру мен декар­бо­ни­зация, цифрландыру, ауыл ша­руа­шы­­лығы және көлік логистикасы сияқты са­ла­­­лардағы өзара іс-қимыл­дың келе­шегі тал­­­қыланды. С.Алдашев «Орталық Азия + Жапония» диалогі аясында ын­ты­мақ­тас­тық­ты кеңейтуге мүдделі екеніне тоқталды.

Сондай-ақ сенатор кездесу соңын­да Ясумас Ииджимге сындарлы пікір алмасқаны үшін алғыс айтып, парла­мент­аралық өзара іс-қимылдың одан әрі нығаюы Қазақстан мен Жапония арасындағы стратегиялық әріптестікті дамытуға елеулі үлес қосатынына сенім білдірді.