Қазақстан • 29 Наурыз, 2017
Қазақстан-Еуропалық одақ: Әріптестік арнасы кең
Сыртқы істер министрлігінде Еуропалық одақ пен Қазақстан арасындағы Ынтымақтастық комитетінің 16-шы отырысы өтті. «Қазақстан Республикасы – Еуропалық одақ» тақырыбында өткен басқосуға Еуропалық одақтың Басқарушы директорының орынбасары, Еуропа сыртқы байланыс қызметінің Ресей, Орталық Азия елдері, өңірлік ынтымақтастық, ЕҚЫҰ бойынша департаментінің директоры Люк Девинь және еліміздің Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко төрағалық етті.
Қазақстан • 29 Наурыз, 2017
Шешімдер мен ұсынымдар қабылданды
Кеше Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің төрағасы А.С.Смолиннің басшылығымен Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің отырысы өткізілді.
Қазақстан • 29 Наурыз, 2017
Ядролық қаруға тыйым салу туралы келісім құру жөнінде келіссөздер басталды
Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Ерболат Сембаев бастаған отандық делегация Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) Нью-Йорктегі штаб-пәтерінде өтіп жатқан Ядролық қарудың түбегейлі жойылуына әкелетін Ядролық қаруға тыйым салу туралы заңдық міндеттеуші күші бар құжат әзірлеу бойынша БҰҰ конференциясының 1-ші сессиясына қатысуда, деп хабарлады Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.
«Судың да сұрауы бар». Алақанның уысына сыятын аз сумен бойын тазалайтын пайғамбар үмбеті де, телегей-теңіз суды ластауға жол беретін де адамзат баласы.
Жыл басы Қазақ елі үшін өзінің жағымды жаңалықтарымен ерекшеленді. Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретіндегі қызметін абыройлы бастады. Сириядағы жағдайға қатысты мүдделі тараптар бас қосқан Астана алаңында соңғы алты жыл бойы әскери қақтығыста болған Сирия билігі мен оппозиция өкілдерінің тұңғыш рет көзбе-көз отырып пікірлесуі мүмкін болды.