Қазақстан • 29 Наурыз, 2017

Шешімдер мен ұсынымдар қабылданды

164 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

​Кеше Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің төрағасы А.С.Смолиннің басшы­лы­ғы­мен Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесі­нің отырысы өткізілді.

Шешімдер мен ұсынымдар қабылданды

Отырысқа Заңгерлер одағының, Жоғарғы Соттың жанындағы Сот төрелігі академиясының өкілдері қатысты.

Кеңес Жоғарғы Сот төрағасының кейбір судья­­ларды қызметінен босату және судьяның қыз­­­метте болу мерзімін ұзарту жөніндегі ұсы­ным­­­­­дарын қарады. Сондай-ақ, судьяларды ірік­теуді же­тіл­діру мәселелері қаралды.

Бұдан басқа, отырыста Жоғарғы Соттың кей­бір жер­­гілік­ті соттар судьяларының санын өз­гер­ту жө­нін­дегі ұсынысы қолдау тауып, бас­шы судья­­ларды лауазымдарына кадр резерві қалыптастырылды.

Отырыстың қорытындылары бойынша Кеңес тиісті шешімдер мен ұсынымдар қабылдады.


Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің аппараты


Соңғы жаңалықтар