Әдебиет • 28 Наурыз, 2018
Оқырман жүрегіне жол таба білген ақын Рафаэль Ниязбек
Бірден айту керек, Алаштың ақтаңгер ақыны Рафаэль Ниязбек біздің жарнамаға зәру қаламгер емес. Ол – азуын айға білеген арқалы ақындарымыздың бірі. Өзгеше есімді ақынның атақ-даңқы да жетерлік. Чешен Республикасының ең жоғары «Къоман сий» (Ұлт намысы) орденінің иегері, Чешенстан Мемлекеттік және Қазақстан Жазушылар одағының І.Жансүгіров атындағы сыйлықтарының лауреаты, ел мойындаған көрнекті ақын.
Әлем • 28 Наурыз, 2018
КХДР мен Қытай көшбасшылары Пекинде келіссөздер жүргізді
Корея Халық Демократиялық республикасы мен Қытай елінің көшбасшылары Пекин қаласында келіссөздер жүргізді, деп хабарлайды РИА новости.
Аймақтар • 28 Наурыз, 2018
Әулиеата өңірінде кәсіп ашқан кейбір азаматтар салық төлеуден жалтарып жүр
«Жамбылым қандай тамаша», деп Шона Смаханұлы жырға қосқандай, Әулиеата өңірінің өзіне тән ерекшелігі бар. Әсіресе көне тарих көмбесіне айналған аймақтың бүгінгі бейнесі, даму деңгейі мен ілкімді істері көпшіліктің көз алдында. Мәселен, осы уақытқа дейін Тараз қаласындағы түрлі мемлекеттік мекемелер мен жоғары оқу орындарының ауласы темір қоршаулармен қоршалып тұратын. Бұл тұрғыда жуырда ғана «Қоршаусыз Тараз» идеясы жүзеге асып, ол жасампаз жобаларға жол ашты.
Қазақстан • 28 Наурыз, 2018
Бес әлеуметтік бастама - дамыған 30 елдің қатарына қосылуына жасалған сәтті қадам
Президент өзінің Үндеуінде бес бастама бойынша нақты-нақты көрсеткіштерді көрсете отырып, орын алып отырған мәселелерді жою бағытында жұмыс жүргізу қажеттігін атап өтті.
Аймақтар • 28 Наурыз, 2018
Шымкентте Әлішер Науаи саябағы ашылады
Бүгінде Оңтүстік Қазақстан облысындағы 3 миллионға жуық тұрғынның 17 пайызын өзбек этносының өкілдері құрайды. Нақтырақ айтсақ, облыста 491 мың өзбек өмір сүруде. Өңірдегі 15 мектепте білім өзбек тілінде беріледі, ал аралас тілді 50 мектепте өзбек сыныптары бар. Сонымен қатар республикамыздағы жалғыз өзбек драма театры да оңтүстікте орналасқан.