Аймақтар • 30 Наурыз, 2020
Павлодар облысында COVID-19 жедел желі жұмыс істеуде
Өңір тұрғындары мен қонақтары Коронавирус індетіне қатысты сұрақтары болса тәулік бойы жұмыс істейтін 8(7182)67-52-08 нөмірі бойынша хабарласа алады.
Абай • 30 Наурыз, 2020
Қазақ әндері қайда кетіп барады?
Абай Құнанбайұлының: «Әннің де естісі бар, есері бар...» дегеніндегі «есер» ескірмей-ақ қойды. Театр сахнасынан да, теледидар экранынан да, радио арналарынан да «мен мұндалап» шыға келеді. Мұхиттың арғы-бергі жағындағы елдердің «жұлдыздары» айтып жүрген, әннен бұрын тақылдақ-бақылдақ тақпаққа ұқсайтын жұлқынды, қышқырынды әуенсымақтар біздің «жұлдыздардың» да біразын «баурап алды».
Экономика • 30 Наурыз, 2020
Мемлекеттік кірістер органдары тексерулерулерді тоқтата тұрады - Үкімет
Төтенше жағдай кезеңінде мемлекеттік кірістер органдары жүзеге асыратын тексерулерді жүргізу мерзімдерінің өтуі тоқтатыла тұрады. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 27 наурыздағы №141 Қаулысында айтылған.
Қазақстан • 30 Наурыз, 2020
Биыл отандық көлік өндірісінің көлемі артады
2019 жылы «СарыаркаАвтоПром» ЖШС жалпы сомасы 186,6 млрд теңгенің 25802 автомобилін шығарды. Биылғы жоспар бойынша 26 мыңнан астам автокөлік құралы шығарылса, оның 13 мыңы Ресейге экспортталады. Жалпы соңғы 2 жылда кәсіпорын 11,3 млрд теңгеге 2428 автокөлікті Ресей, Өзбекстан, Беларусь, Қырғызстан, Тәжікстан сияқты елдерге экспортқа шығарды. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақтар • 30 Наурыз, 2020
Павлодар облысында МӘМС-ке қатысатын 14 мыңға жуық адам анықталмаған
Сәуір айынан бастап Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесіне қатыспағандар тегін көмек ала алмайды.