Аймақтар • 30 Наурыз, 2020

Павлодар облысында COVID-19 жедел желі жұмыс істеуде

242 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өңір тұрғындары мен қонақтары Коронавирус  індетіне қатысты сұрақтары болса тәулік бойы жұмыс істейтін 8(7182)67-52-08 нөмірі бойынша хабарласа алады.

Павлодар облысында COVID-19 жедел желі жұмыс істеуде

Сондай-ақ, 103 Жедел жәрдем желісіне және 1406 бірыңғай республикалық нөміріне қоңырау шалуға болады.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, COVID-19-бен күрес талаптарының хаттамасына сәйкес облыс орталығында 845 төсек-орын дайын тұр.

Олар туберкулез диспансерінің жеке орналасқан ғимаратында, Ғ. Сұлтанов атындағы облыстық аурухананың және облыстық балалар ауруханасының инфекциялық бөлімшелерінде  орналасқан.

Сонымен бірге, хирургиялық-акушерлік және қосымша карантиндік  госпитальдар да дайын. Хирургиялық-акушерлік госпиталь коронавирусқа талдауы расталуы мүмкін адамдарға ота жасауға арналған.

Медициналық препараттар мен дезинфекциялау құралдарының барлық қоры бар.

Басқарма мамадары өңір тұрғындарын әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі коронавирус туралы жалған мәліметтерге сенбеуге шақырады.

Барлық сенімді ақпаратты еліміздің Денсаулық сақтау министрлігі мен Тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау комитетінің, сондай-ақ, ведомстволардың Facebook-тегі ресми парақшаларынан алуға болады.                 

Павлодар облысы