Қазақстан • 30 Наурыз, 2020

Биыл отандық көлік өндірісінің көлемі артады

315 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

2019 жылы «СарыаркаАвтоПром» ЖШС жалпы сомасы 186,6 млрд теңгенің 25802 автомобилін шығарды. Биылғы жоспар бойынша 26 мыңнан астам автокөлік құралы шығарылса, оның 13 мыңы Ресейге экспортталады. Жалпы соңғы 2 жылда кәсіпорын 11,3 млрд теңгеге 2428 автокөлікті Ресей, Өзбекстан, Беларусь, Қырғызстан, Тәжікстан сияқты елдерге экспортқа шығарды. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Биыл отандық көлік өндірісінің көлемі артады

Өткен жылдың тамыз айында Қазақстанда өндірілген «Ravon» маркалы автомобильдердің 500 данасы алғаш рет Ресейге және Қырғызстанға жеткізілді. Жалпы Қостанайдағы зауытта 20, 6 млрд теңгеге Ravon «Nexia R3» үлгісіндегі көліктің 5366 данасы шығарылды.

«GeneralMotors» LLC мақұлдауымен жұмыс істеп тұрған «Ravon» дилерлік желісін «Chevrolet» желісімен интеграциялау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл шара экспорт нарығындағы автомобильдердің бәсекеге қабілеттілігін арттыруы тиіс.

Бүгін «СарыаркаАвтоПром» ЖШС зауытында Chevrolet автокөлігінің өндірісі іске қосылды. Олар: отбасыға арналған седан - Chevrolet «Cobalt» (бұған дейін Ravon R4 аталды), коммерциялық мақсатта пайдаланылатын Chevrolet «Damas» және Chevrolet «Labo», SUV-B санатындағы қалаға арналған кроссовер - Chevrolet «Tracker», жол талғамайтын көлік - Chevrolet «Trailblazer», премиум санаттағы Chevrolet «Malibu», Chevrolet «Traverse» және Chevrolet «Tahoe». Барлығы 8 жаңа үлгі.

Сонымен қатар 2019 жылы Астана, Павлодар, Атырау, Ақтау, Шымкент қалаларына бір қуаттаумен 230 шақырымға дейін жүретін электр автобустар жеткізілді. Және Қазақстан Республикасында автобус паркін ауыстыру бағдарламасы аясында электромобильдерге арналған қуаттау инфрақұрылымын жасақтау басталды. Нұр-Сұлтан қаласына 22 дана, Павлодарға 10 электр автобус жеткізілді.