Бизнес • 08 Наурыз, 2023
Гүл бизнесінің тек мерекелік күнтізбелердегі сән-салтанаттық рәсімдерге ғана емес, күнделікті тұрмысымызға тәуелді екені жыл өткен сайын байқала бастады. Өміріңе із қалдырған қуанышты сәттерде бір-бірімізге гүл сыйлағымыз кеп тұрады. Гүлдердің әдемілігіне бас имейтін адам жоқ. Әсіресе әйелдердің ықыласы ерекше. Қазір туған күн де, үйлену тойы да, тіпті марқұммен қоштасқан қаралы жиындар да гүлсіз өтпейді. Басқаша айтқанда, дүние есігін гүлмен ашып, гүлмен жабатын дәстүр тұрмысымызға тереңдеп, енді, жан-жағымызға деген ілтипатымыздың белгісі ретінде қалыптасты.
Әйел әлемі • 08 Наурыз, 2023
Қазір қоғамда меценат қыз-келіншектердің қатары көбейіп келеді. Бұл енді-енді дамып келе жатқан құбылыс екені мәлім.
Әскер • 08 Наурыз, 2023
Шындығында әйел – отбасында ғана емес, жалпы қоғамда да бейбітшілік пен тыныштықтың шырақшысы. Көктемнің ең әдемі әрі әсерлі мерекесі қарсаңында Ұлттық ұлан арулары туралы бірер жылы сөз айтқанды жөн санадық. Құқықтық тәртіп әскерінің нәзік жанды арулары ерлермен бірге иық тіресе қызмет ете отырып, отбасының да жылулығын сақтап жүрген асыл жандар. Сондай сұлу да ақылды әскери қызметші-әйелдер Ұлттық ұлан қатарында абыройлы қызмет етіп жүр.
Ұстаз • 08 Наурыз, 2023
Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математика лицей-интернатының мұғалімі Ұштап Таңатарованың педагогикадағы қалыптастырған жолы – жас мұғалімдерге үлгі. Жыл сайын осы оқу орнын бітіретін 45-50 оқушының бәрі де грант иегері атанса, міндетті түрде 7-8 оқушысы «Алтын медальға» қол жеткізеді. Осындай жетістіктердің басы-қасында Ұштап апай жүрген соң, ұжымдағы жас мұғалімдер тәжірибелі математик ұстаздан айырылғысы жоқ.
Тарих • 08 Наурыз, 2023
Пай, пай, паровоз... Қазақтан шыққан тұңғыш машинист қыз туралы не білеміз?
Қазақстан темір жолы тарихына арналған мақалаларда қазақтан шыққан тұңғыш машинист қыз Зылиха Темірешеваның есімі бір сөйлеммен ғана айтылып қалады. Орал қаласындағы темір жол тарихына арналған әдемі музейде де бұл адам туралы мәлімет, фотосурет жоқ екен.