Пікір • 07 Наурыз, 2023
Заман құбылған сайын құндылықтардың қалпы да, шарты да өзгеретіні рас. Бұл – заңдылық. Дегенмен қандай кезең келсе де, қазаққа тән салт-дәстүрдің, жөн-жоралғының жоғалмағанын, өзгермегенін қалайсың. Өкінішке қарай, біздің ұлтта ғана бар «кіндік шеше» деген қасиетті ұғымның, маңызды мәртебенің қадіріне көлеңке түсіріп алған жоқпыз ба деген ой келеді кейде.
Отбасы • 07 Наурыз, 2023
Жеті жауқазын һәм бір үйдің апалы-сіңлілі қыздары хақында
Әу бастан қыз баласына құрметі бөлек халықпыз. Қызда кие бар, қызда құт бар деп қастерлейтінбіз. Қыз бала дүниеге келгенде ырыс пен береке босағаңнан бірге аттайды деп ырымдайтынбыз. «Шаңыраққа шыр етіп келген шақалақ, шаттығын шақыра туады» деген ұғым осындай шынайы ниеттерден кейін қалыптасса керек қой. Қалай десек те, қазақ «Қызы бар үйдің құты бар» деп бекерден-бекер айтпайды. Ал адамзаттың асыл діні Исламда «Кімнің үйінде қыз бар болса, ол үйге күн сайын көктен он екі береке түседі. Ол үйге періштелер тынбай келіп тұрады. Әрбір күн, әрбір түн сайын олар сол қыздың ата-анасына бір жылдық құлшылықпен тең сауап жазып отырады» деп ғибрат етеді.
Қоғам • 07 Наурыз, 2023
Шуақты көктемнің шырайлы мерекесі 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі азаматтық қоғам саласында қызмет атқарып жүрген бірқатар қыз-келіншекті құттықтап, Мемлекет басшысының құттықтау хатын тапсырды.
Отбасы • 07 Наурыз, 2023
Көп жағдайда кәсіпорындардағы ауыр жұмысты тек ер-азаматтар істейді деп ойлаймыз. Алайда Ақтөбе ферроқорытпа зауытында талай жылдан бері еңбек етіп келе жатқан әйел затының үш буын өкілін кезіктіруге болады.
Медицина • 07 Наурыз, 2023
Ана мен баланың амандығы – аманат
Ана үшін құрсақтағы перзентін аман-сау дүниеге әкеліп, бауырына басып, құшырлана иіскеуден асқан бақыт жоқ шығар, сірә? Олардың осы бір шақты алаңсыз сезінуі үшін ана мен баланың денсаулығына жауапты дәрігерлер жанын салып жәрдемдеседі. Акушер-гинеколог дәрігер Гүлнұр Нұрғалиева салада жылдар бойы жиған тәжірибесіне қарамай, күні бүгінге дейін жұмысқа бісмілләсін айтып кіріседі. Мұны біз бір жағы мамандыққа адалдық деп бағаласақ, екіншіден, ана мен бала өміріне деген жауапкершілік деп түйдік.