Саясат • 01 Наурыз, 2024
Парламентаралық серіктестік артып келеді
Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Ресей Федерациясының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Алексей Бородавкинді қабылдады. Тараптар екіжақты қарым-қатынастарды дамыту мәселелерін талқылады.
Партия • 01 Наурыз, 2024
«Ауыл аманатының» тиімділігі артып келеді
Мәжілістегі «Amanat» партиясы фракциясының кеңейтілген жиынында депутаттар «Ауыл аманаты» жобасын жүзеге асыру жөніндегі Үкіметтің 2023 жылғы есебін тыңдады. Жоба өз тиімділігін көрсетіп келеді. Бүгінде шамамен 80 млрд теңге сомасына жылдық мөлшерлемесі 2,5%-ды құрайтын 12,7 мың шағын несие берілді.
Сенат • 01 Наурыз, 2024
Кәсіпкерлік саласындағы заңнама жетілдіріледі
Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палата отырысы өтіп, сенаторлар бірқатар заңды қарап, депутаттық сауалдарын жолдады.
Саясат • 01 Наурыз, 2024
Біз егемен еліміздің кәсіби парламентаризмінің жаңа кезеңі 1995 жылдан бастау алады дегенді жиі айтамыз. Бұл жайында жазылған тарихи публицистика да, мемуарлық кітаптар да жетіп артылады. Өзгеріссіз қалатын тағы бір тарихи шындық бар. Ол – тәуелсіздік алған 33 жыл ішінде екі-ақ заңымыздың (Оның бірі – «Халықтың көші-қоны туралы», екіншісі – «Бала құқықтары туралы» заңдар) қазақ тілінде жазылғаны. Ал алдымен ресми тілде әзірленіп, артынан қазақшаға аударылатын қазіргі заңдардың сапасына талай жылдан бері тағылып келе жатқан сынды жұрт жақсы біледі.
Халық • 01 Наурыз, 2024
«Ел мен жерді сүюді қазақтан үйрену керек»
1944 жылдың 8 наурызы. Қап тауының баурайын мекен еткен ұлт пен ұлыстың жүрегі жылап оянды. Осы күні оларды Қазақстан жеріне күштеп қоныс аударту басталып кеткен. Бейбіт елдің басына төнген алапатта отбасылар басының амандығын тілеп, мұздай суық вагондармен қиырдағы қазақ даласына бет алды.