Аймақтар • 27 Наурыз, 2018
Ақтөбеде жамағатқа жаңа үлгіде дәріс жүргізді
Ақтөбе облысының өкіл имамы Төлеби қажы Оспан Наурыз мерекесі қарсаңында ақтөбелік жамағатқа жаңа үлгіде дәріс жүргізді. Бұл дәріс Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында қамтылған «Қазақстанның эволюциялық дамуы» тақырыбына арналды. Оған мемлекет және қоғам қайраткері, профессор Амангелді Айталы, қоғамдық кеңес мүшелері, мемлекеттік мекеме өкілдері, спорт саласының үздіктері, мешіт алқасы мүшелері, ақсақалдар мен 350-ге жуық мешіт жамағаты қатысты. Сондай-ақ Хромтау ауданының мешіт жамағаты сабаққа скайп жүйесі арқылы қосылып, дәрісті тыңдау мүмкіндігіне ие болды.
Қоғам • 27 Наурыз, 2018
Атам қазақтың «алақан» деген бір тамаша сөзі бар. Дүниедегі ең ғажайып мейірім – аналардың алақанында. Ал енді алдыңғы толқын ағалардың ізгі жүректі, игі тілекті қамқор алақаны ше? Ағалар алақанының шарапаты тимеген, жақсылығын көрмеген жан бұл өмірде, сірә, да жоқ болар.
Таным • 27 Наурыз, 2018
Өзінің қателігін, я болмаса кемшілігін мойындамайтын адамдар болады. Жаны ашитын жақындары айтса да ешқандай сынды қабылдамай, өздерін керемет мықты санайды. Бәлкім, жұрт алдында мойындаудан ұялатын шығар, айтылған ойдың дұрыс екендігін іштей болса да түсінер деп үміттенесің. Өкінішке қарай, жылдар өтсе де баяғы жартас сол жартас болып қала береді.
Қазақстан • 27 Наурыз, 2018
Біржан Қанешев: Қазақстан инвестиция тартуда Орталық Азияның лидері ретінде мойындалған
Қазақстан инвестиция тарту ісінде Орталық Азияның лидері ретінде мойындалған мемлекет. Аймаққа салынған инвестицияның 70 пайызға жуығы біздің елдің үлесінде екендігі осының айқын дәлелі деуге болады.
Тарих • 27 Наурыз, 2018
Сарыбел шайқасы – Жетісу жерін жоңғардан азат еткен ұлы жеңіс
Отандық тарихнамада жоңғармен арпалыс кезеңі туралы жазғанда Орбұлақ пен Аңырақай шайқасы туралы жиі айтылатыны белгілі. Солай болуы да заңды. Дегенмен соңғы кезде табылған деректерді ақтарып, оларды халық зердесінің теңдессіз қазына-қоры – тарихи эпостарымызбен парықтап салыстырғанда, жоңғармен болған шешуші соғыстың соңғы нүктесін қойған тағы бір алапат шайқастың орны анықталып отыр. Қалжыраған алаш қайта сілкініп қайрат-күшін жиып, басы бір тудың астына түгел табысып, еңселі ел болуына баспалдақ болған сондай ірі оқиғаның бірі – Сарыбел шайқасы.